ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 15%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады

0
357

Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды.


ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 15%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 15%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында берген баспасөз конференцясында айтты.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша қаламызда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесін арттыру бойынша көрсеткіш 2798 азаматты құрады. Бұл дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ 18713 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 14,9 % құрайды», - деді Ермек Дәрменов.
Бұдан бөлек, 2023 жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50% - ына дейін жеткізу бойынша көрсеткіші 513954 адамға жетіп, ол 42,2% құраса, халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі бойынша көрсеткіші 52,3%-ды құрады және 14 пен18 жас аралығындағы 197266 жас спортпен қамтылды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде, 29 мекеме басқармаға бағынысты болса, 5 мекеме мемлекеттік-жекешілік әріптестік бағытындағы спорт нысандары болып саналады.
Бүгінде қаламыз бойынша спорттың 32 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлерінен 18 242 спортшы мен штаттағы 916 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.