​Шымкентте Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

0
518

Іс шараға жедел бригада сарбаздары қатысты.


​Шымкентте Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Шымкент қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған іс-шараға ардагерлер Владимир Самарский, Виктор Клязьмин, Серік Сыдықов, Рашид Рахмеев және жедел бригада сарбаздары қатысты.
Бұл кездесу аралығы 40 жылға жуық екі ұрпақ сарбаздарының диалогына айналды. Бірақ оларды тек жасы ғана емес, сонымен қатар қызмет ету шарттары да бөледі.
Интернационалист жауынгерлердің ерлігі 6506 әскери бөлімінің жауынгерлерінің қызығушылығын тудырды. Олар ардагерлердің әр сөзін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
- Біздің кездесуіміздің басты мақсаты - патриоттық тәрбие, ол үшін тәртіп пен мінез қажет. Бүгінгі күн - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні - біз үшін бір жағынан мереке, екінші жағынан-әріптестерімізді еске алу күні. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Ең бастысы, елімізде әрқашан бейбітшілік пен келісім орнасын, - деп атап өтті Владимир Самарский.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген 400-ге жуық ардагер тұрады.