Оған еліміздің өңірінен 12 ерлер, 3 әйелдер командасы жасақталған.
Үшінші мегаполисте 19-25 ақпан аралығында Футзалдан есту органдары зақымданған 21 жасқа дейінгі (U-21) ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Республикалық жарыстың мақсаты - есту органдары зақымданған спортшылар арасында футзал спортын танымал ету, спорттық шеберліктерін шыңдау, үздіктерін Қазақстанда және шет елде ресми түрде өтетін жарыстарға іріктеу және өзге елдердің спортшыларымен байланыс құру, сонымен бірге тәжірибе алмасу.
Ерекше спортшылар қатысатын біріншілікке еліміздің өңірінен 12 ерлер, 3 әйелдер командасы жасақталған. Жалпы 150- дей спортшы қатысатын ел біріншілігі Шымкент қаласындағы Кешенді шеберлігі жоғары спорт мектебінің залында өтеді.