Шымкентте медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
529

Емхана қызметкерлері тұрғындарға медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша ақпараттармен бөлісті.


Шымкентте медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты мен емхана қызметкерлері бірлесіп аудан тұрғындарына медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері және табыстарынан тәуелсіз түрде медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікті кепілдік етеді.