Шымкенттік кәсіпкер қайтарымсыз грантпен кәсібін дөңгелетіп әкетті

0
439


Шымкенттік кәсіпкер қайтарымсыз грантпен кәсібін дөңгелетіп әкетті

Шымкенттік кәсіпкер қайтарымсыз грант алып, денсаулыққа пайдалы нан өнімдері цехын ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау ретінде 447 қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6000-ға жуық адамнан өтініш түскен болса, оның 228-не оң шешім қабылданып, грант ұтып алған.
Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген жанның бірі – Балнұр Байкөзова. «Балдай нұр» атымен қала аумағына ашытқысыз нанымен таныс. Нарықта ашытқысыз нанның пайдасын түсінгендіктен бағасы жоғары. Бағасына қарап, «мұндай қымбат нанды кім жейді» деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Алайда нарықта осындай нанға сұраныс жоғары көрінеді. Себебі артық салмақтан арылғысы келетін, жалпы, денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануға ниеттенгендер ең әуелі өздерін ашытқысыз, глютені бар наннан тыйып жатады. Кәсіптің көзін тапысы келген Балнұр да нарықты зерттей келе, қолынан келетін іспен айналысқан. Алғашқыда осы нанды жасап үйренемін деушілерге шеберлік сабақтарын өтіп жүрген. Бүгінде кішігірім цехында 40-тан астам өнім пісіріп, өзінің дүкенінде сатады.
Ол грант алмас бұрын шағын кәсібін үйінде бастап, тапсырыс алып жүрген. Бастаған жобасын кеңейту үшін қаржылай қолдау керек екенін түсініп, мемлекеттік бағдарламаға қатысады.
– Қаражатқа қажетті пеш, қамыр айналдыратын миксерлер сатып алдым, мұның өзі мен үшін үлкен қолдау болды. Барлық қолдаған жақындарыма алғысымыз шексіз, – деген кәсіп иесі бұл грантты шынайы ниет пен адал істің арқасында иеленуге болатынын жеткізді.
Иә, тұтынып жүрген астың кейбірі зиянды деп жүргенімізде қаламызда пайдалы нан пісіру кәсібін қолға алған кәсіпкердің алға қойған мақсаты айқын, жоспары көп. жас кәсіпкердің «Балдай нұр» өнімін брендке айналдырсам деген ниеті бар.

Еске сала кетсек, былтыр Шымкент қаласында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған. Басқарма мәліметінше, сондай-ақ әкімшілік-құқықтық бөліміне мемлекеттік грант қаржысын мақсатсыз пайдаланған үшін жалпы 142 азамат ұсынылған. Оның ішінде қаражатты қайтару үшін сотқа 136 азаматқа қатысты талап арыздар жолданып, оның ішінде 109 азаматқа қаржыны қайтару бойынша сот шешімі шықты. 24 азаматтың талап арыздары қазіргі таңда сотпен қаралуда және 9 азаматқа қатысты талап арыздар алдағы уақытта сотқа жолданады.