«ZHAS PROJECT»: Шымкентте жастарға 1 млн теңгеге дейін грант беру жоспарланып отыр

0
640

20 грант беру жоспарлануда.


«ZHAS PROJECT»: Шымкентте жастарға 1 млн теңгеге дейін грант беру жоспарланып отыр

«ZHAS PROJECT» ЖАСТАР КОРПУСЫ» жобасы аясында NEET санатындағы жастарға 1 миллион теңгеге дейін 20 грант беру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "Қорған-М" Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Диана Қырғызбаева баспасөз конференциясында мәлімдеді.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Қорған-М» Қоғамдық Бірлестігі Шымкент қаласында және БҚО-да тұратын NEET санатына кіретін жастарды қолдау жөніндегі жобаны іске асыруда.
Аталған жобаның мақсаты - Шымкент қаласы мен БҚО жастарының проблемаларын шешу жөніндегі идеяларды танымал ету, елдің экономикалық және әлеуметтік болашағын қалыптастыру, жаһандық азаматтық қағидаттарын енгізу және 2023-2024 жылдар аралығында неғұрлым өзара байланысты және жауапты қоғам құру мәселелерінде жастардың әлеуетін арттыру арқылы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен маңызға ие жастар идеялары мен жобаларын қолдау.
«Жоба аясында 2023 жылы Шымкент қаласында тұратын NEET санатындағы жастарға 20 шағын грант бөлінген болатын. Ал 2024 жылы жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған NEET санатындағы 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға әлеуметтік жобалар үшін конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейін 20 шағын грант беру жоспарлануда», - деді жоба жетекшісі Диана Киргизбаева.
Әлеуметтік жобаға қойылатын талаптар 2023 жылғы «ZHAS PROJECT» Шағын Гранттар конкурсы туралы Ереженің 3-тармағымен реттеледі:
3.1 Өтінім беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге немесе жастардың осал топтарын қолдауға бағытталуы тиіс.
3.2 Жобаны өтініш беруші 4 (төрт) айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.
Жастардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 наурыздан 2024 жылғы 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Іріктеу нәтижелерін қорытындылау және әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушының сайтында жариялау 2024 жылғы 15 мамырда жоспарланған.