Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турниріне қатысады

0
612

Жарыс 23 қазан күні мәресіне жетеді.


Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турниріне қатысады

ERNUR.KZ. Бүгін Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында дзюдадан Grand Slam турнирі басталады. Онда еліміздің атынан 23 балуан бақ сынайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған турнирде ерлер арасында Бауыржан Нарбаев (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Есет Қуанов (66 келі), Ермек Амангелді (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Аңсарбек Гайнуллин (73 келі), Барак Арқабай (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Нұрлыхан Шархан мен Бекарыс Сәдуақас (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) татамиге шығады.

Ал әйелдер арасында Абиба Әбужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Назерке Тілеуханова (78 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (78 келі) ел намысын қорғайды,

Халықаралық турнирге әлемнің 65 елінен 419 балуан келеді деп күтіліп отыр.

Жарыс 23 қазан күні мәресіне жетеді.

Еске салсақ, қазақстандық дзюдошылар бұдан бұрын әлем чемпионатынада қос қола медаль алды.