Турнирдің екінші ойынында 3 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстан құрамасы Беларусь хоккейшілерімен кездеседі.
ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Hockey Open турниріндегі алғашқы ойында Қазақстан хоккей құрамасы "Ресей 25" командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліс тапты, деп жазады inbusiness.kz.
Ресей құрамасына қарсы өткен матчта хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Болякин келесі құрамды айдынға шығарды: Кудрявцев (Әмірбеков) — Орехов-Метальников, Михайлис-Шестаков-Колесников; Бекетаев-Данияр, Панюков-Лихотников-Әсетов; Михайлов-Гайтамиров, Рымарев-Өмірбеков-Савицкий; Бреус-Волков, Қайыржан-Мұхаметов-Мұратов.
Бірінші кезеңде Сергей Кудрявцевтің қақпасына Данил Аймурзин мен Дмитрий Саморуков екі жауапсыз шайба соқты.
Екінші кезеңде Марат Хайруллин мен Михаил Воробьев есеп айырмасын ұлғайтты. Соңғы жиырма минутта айдын иелері Әлихан Әсетовтің арқасында бір голмен жауап қайтарды - 1:4.
Турнирдің екінші ойынында 3 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстан құрамасы Беларусь хоккейшілерімен кездеседі.
Ал 10 мамыр күні Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын Норвегияға қарсы матчпен бастайды.