Жарыста нәтижеге жетпеген жаттықтырушыларға санкция салынады

0
373

Енді спортшылар нашар өнер көрсеткен жағдайда сұрауы болады.


Жарыста нәтижеге жетпеген жаттықтырушыларға санкция салынады

ERNUR.KZ. Қол астындағы спортшылар жүлделі орын иеленіп, медаль алмаса ұлттық құрама жаттықтырушылары жалақысының жартысын кері қайтарады, деп жазады inbusiness.kz.

Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижеге қол жеткізбегені үшін ұлттық құраманың жаттықтырушыларына санкция салынатынын жариялады. Енді спортшылар нашар өнер көрсеткен жағдайда сұрауы болады.

Комитеттің ақпараты бойынша, 2021 жылғы желтоқсанда есеп комитеті Токиода өтетін 2020 Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген қаражатты пайдалану бойынша аудит жүргізген.

Мемлекеттік аудит барысында жаттықтырушыларға қатысты санкция салынбағандықтан спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін оларға қатысты ешқандай шара қолданылмағаны белгілі болды.

Сондықтан Ұлттық Олимпиада комитетіне спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижеге қол жеткізбегені үшін жаттықтырушыларға қатысты санкциялар салу тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Спортты дамыту дирекциясы" РКП жаттықтырушылармен (бас), спортшылармен жасалатын спорттық қызмет туралы үлгілік шарттар бекітілді. Бас жаттықтырушылармен бекітілген шарттың талабында тиісті көрсеткіш орындалмаса немесе тиісті деңгейде болмаса төленетін соманың 50%-дан аспайтын бөлігі беріледі.