Бұл атау 1980-90 жылдары пайда болған.
фото: krasavica.info
Қазіргі таңда балалы аналардың көпшілігі баласымен серуендеу үшін ыңғайлы киім деп джинсы таңдайтыны белгілі.
Ал, ана атанған соң, бұрынғыдай тар джинсы әдемі көрінбейді, оның үстіне жүріп-тұруға ыңғайсыз. Сондықтан, қазіргі күнде сәнге енген «аналарға арналған джинсы» кеңінен танымал. Бұл джинсыды 1980 және 1990 жылдары жас аналар киген, сондықтан модель өз атауын алды. Заманауи сәнқойлар мұндай джинсылардың артықшылықтарын бағалайды: «аналық джинсы» аяқты көзбен ұзартады, бөкселерді көтереді, пропорцияларды түзетеді, олар ыңғайлы және жан-жақты. Мұндай модель әйелдік және талғампаздық көрінісін жасайды.
Анаға арналған джинсы - әмбебап үлгі. Олар ыңғайлы, практикалық және фигураны ерекше атап көрсетеді. Мұндай джинсымен стильді көріністі қалай жасау керектігін білсеңіз, сізден сәнеқой ана табылмас.
Мұндай джинсымен не кию керек?
Көктем мезгілі келгенімен, әлі де ызғардың беті қайта қойған жоқ, сондықтан, дәл осы мезгіл джинсы киетін уақыт. Ендеше джинсылармен нені үйлестіруге болады?
Ең жақсы нұсқалар: жемпір мен күздік пальто, пиджак және ақ жейде немесе футболка, джинсы жейде, ұзын жеңді кофта немесе айқын суреті бар футболка, смарт блузка немесе талғаммен таңдалған кардиган.
«Аналарға арналған джинсы» деген не?
Бұл - қалың джинсыдан жасалған танымал шалбар үлгісі. Айрықша белгілері: белдігі жоғары; жамбас аймағындағы орынның бос тұруы; төменгі жағы сәл тарылтылған және шамалы қысқартылған балақ.
Көрініс әдемі болуы үшін кофтаңыздың алдыңғы жағын джинсы шалбардың ішіне салыңыз. Бейтарап реңктердегі (ақ, сүт түсті (бежевый), қоңыр, зәйтүн түсті) үлкен өлшемді қарапайым трикотаж модельдері осы шалбармен керемет үйлеседі. Мойын тұсы дөңгеленген, сұр немесе қара түсті классикалық жемпір немесе оверсайз стильіндегі үлкен тоқылған жемпір де сәйкес келеді. Мұндай стильді габаритті пальтомен, күннен қорғайтын көзілдірікпен және әйелдерге арналған былғары сөмкемен бейнеңізді толықтыра түсіңіз.
Аяқ киімдермен үйлестіру
Аяқ киімдерге ақ кроссовкалар, талғамды өкшелі етік немесе кең платформалы етік кіреді. Әлбетте, біз өкшелі тұмсығы сүйір етік немесе туфлиді мұндай джинсымен үйлестіру қиын, тіпті күлкілі десек те болады. Кездейсоқ көрініс үшін мінсіз аяқ киім - лоферлер, кроссовкалар.
«Аналар джинсы» кімге жарасады?
Атауы айтып тұрғандай, тек қана ана атанған әйелдерге арналмаған, бұл барлық қыздарға жарасады. Дене бітімдері әртүрлі болса да, кемшіліктерін жасырып, артықшылықтарын баса көрсетуге таптырмас мүмкіндік сыйлайтын киім үлгісі.
Үшбұрыш және құмсағат пішінді арулар ойланбастан осы стильді таңдауына болады. Өйткені, «аналық джинсы» белге назар аударады және әйелдік пішін береді; төңкерілген үшбұрыш және тіктөртбұрыш - джинстың жоғары көтерілуі бел сызығын анықтайды, фигураның артықшылықтарын түзетеді және жағымды түрде көрсетеді. Стильді және ыңғайлы «аналар джинсы футболкалармен, мойыны жабық свитерлермен қалпағы (капюшон) бар сыртқы киімдермен тамаша көрінеді. Сыртқы түрі жұмысқа, мектепке және достарымен серуендеуге жарайды. Бірақ, шамадан тыс безендірілген немесе жарқыраған жазулары бар шалбарды емес, табиғи реңктердегі үлгілерге артықшылық беріңіз.
Джинсы киюдің ережесін білсеңіз, ұятқа қалмайсыз. Әрқашан свиттерді немесе жемпірді бос жібермей, шалбарыңыздың белдігіне бір бөлігін салып қойыңыз. Бұлай жасау белге баса назар аудара отырып, тартымды пішін мен пропорцияларды жасайды. Кросс-сөмке мен бандана сіздің келбетіңізге жастық пен еркіндікті қосады. Пиджакпен, ақ жейдемен немесе футболкамен үйлесетін «аналық джинсы» нәзік әрі ұзын қыздарға тамаша көрінеді. Бойыңыз қысқа болса, қысқартылған үлгілерді таңдау керек.
Аналарға арналған модельді киюге бірден-бір қарсы көрсеткіш - бұл айқын іш (дөңгелек дене түрлерінде кездеседі) бос кесу және жоғары көтерілу кемшіліктерді көрсетеді. Сондықтан, ең дұрысы, «қалып қойған» ішіңізді кетіруге әрекет жасаңыз, қалғанының барлығы дұрыс.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: