​Бетіңізді ағартатын «БОМБА» маска

0
1 083

Бетіңіз қарайып кетсе, шешімі оп-оңай


​Бетіңізді ағартатын «БОМБА» маска

фото: mykoreashop.ru

Қазір жаз мезгілі болғандықтан, тері проблемалары да көбейетін мезгіл.

Сондықтан, бет күтіміне қай мезгілде де ерекше күтім жасап жүру қажеттілігін сезетін шығарсыздар.

Бұл маска әсіресе, терісі құрғақ ханымдарға арналады. Ерекшелігі үй жағдайында, қол жетімді заттармен жасауға болатын маска түрі.

Бұл масканың әсері- бетті максималды түрде ылғалдандырады, нәрлендіреді және егер бетіңізде қара дақ (веснушка) болатын болса, ағартуға керемет септігін тигізеді.

Бұл масканы аптасына 2 рет жасаймыз. Бірінші рет жасағанның өзінде нәтижесі керемет байқалады. сондықтан, міндетті түрде осы масканы жасап көріңіздер.

Ол үшін бізге небәрі 3-ақ зат қажет.

Кез-келген 20»-дық қаймақ;

Жарты лимонның сығындысы;

Ақжелкен (петрушка)

Осы ақжелкеннің ағартушы қасиеті болғандықтан, нәтижені жылдамдату үшін немесе бетіңізде қара дақтар қатты байқалса ақжелкенді блендерден өткізіп алған дұрыс болады. Бұл маска бетіңізді сәбидің терісіндей жұмсақ етеді, ағартады және нәрлендіреді.

Енді масканы дайындау барысына келсек, әркімнің беті әртүрлі болғандықтан, қаймақтың мөлшерін тері типіңізге байланысты көбейтіп немесе керісінше азайтып қоссаңыздар болады. Ал лимон сығындысы мен ақжелкен мөлшерімен.

фото: treningi4you.com

2 шай қасық қаймақ, 1 шай қасық лимон сөлі, 1 шай қасық ақжелкеннің өте ұсақталған түрін қосып, барлығын араластырамыз.

Дайын болған масканы бетіңізге жақпас бұрын теріңізді 2 этапты терең тазалаудан өткізіңіз. Гидрофильді маймен тазартып, соңынан бет тазартушы көбікпен (пенка) жуып алыңыз. Содан кейін қағаз майлықпен бетіңізді құрғатып, маска жағуға дайындаңыз.

Бұл масканы кешке немесе жатар алдында жаққан дұрыс. Өйткені құрамында лимон бар масканы жаққан соң, күн көзіне шықпаңыз.

Крахмалды маска

Бетіңіз саяхатқа шыққаннан немесе суға түскеннен кейін, тіпті босанғаннан кейін бетіңізде пайда болған қара дақтарды кетіретін маска.

Ол үшін:

1 жұмыртқаның сарыуызы;

3 ас қасық сүт;

3-4 ас қасық жүгері крахмалы қажет. Егер жүгері крахмалы табылмай жатса, орнына картоп крахмалын пайдалансаңыз да болады.

Осы өнімдерді таза ыдысқа салып, жақсылап араластырыңыз. Маска қоймалжың консепцияға келуі керек. Егер маска сұйықтау болып жатса, крахмалды қосымша қосып араластырыңыз. Бұл масканың әсері альгинатты маскамен бірдей.

Бұны да 2 этапты тазартудан өткен таза теріге жағамыз. Бір қабат жаққан соң, кебе бастайды, содан соң, үстіне маска таусылғанша немесе 4-5 рет қалыңдап жаға беруіңізге болады. Маска бетіңізде кепкен соң, осы қабатты альгинатты маска секілді алып тастауыңызға болады. Егер жұқа қабаны жақсаңыз, жылы сумен жуып тастайсыз.

Кез келген масканы 15-20 минут бетіңізде ұстап, соңынан жылы сумен жуып тастайсыз. Маскадан соң міндетті түрде нәрлендіретін немесе ылғалдандыратын крем жағу керек.

Ұннан да маска жасауға болады

1 ас қасық ұн;

1 шай қасық сода;

1 ас қасық иогурт;

2-3 тамшы сіркесуы (уксус)

Осы заттарды жақсылап араластырып, бетіңізге маска жасасаңыз бетіңіз керемет ағарады. Бұл маска қара дақтарды жоюға көмектеседі. Тек бір ескеретін жағдай, бұл масканың құрамында сіркесу болғандықтан, теріңіздің бір бұрышына тест жасап көріңіз. Өйткені, сіркесуының пайдасына қоса зияны да барын ұмытпағаныңыз жөн. Егер бетіңіз қышып немесе қызарып, аллергия туындатып жатса, бұл масканы қолданбаңыз.

Одан кейін егер маска сізге жаққан болса да, әрі кетсе 10-15 минут қана ұстаңыз, көп уақытқа қалдыруға болмайды. Көз айналасына жақындатпай жағыңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетке арналған масканың ӘСЕРІ жылдам болсын десеңіз: ЛАЙФХАК


Бітіру кешіне арналған МАКИЯЖ