​БЕЗЕУ тек бетке емес, дененің кез-келген жеріне шығады

0
1 216

Сәнді көйлек кию үшін дене де мінсіз болуы керек.


​БЕЗЕУ тек бетке емес, дененің кез-келген жеріне шығады

фото: ru.pinterest.com

Әсіресе, бойжеткен қыздар үшін бұл үлкен мәселе. Себебі, тойға, кешкі отырыстарға мойны мен артқы бөлігі ашық сәнді көйлектерді кигісі келеді. Алайда, тері мінсіз болмағандықтан, оны кие алмай қалуы мүмкін.

Біз тері күтімін ойлаған кезде біз әдетте біздің бетімізді ойлаймыз. Бірақ тері дегенде бүкіл дене терісі де күтім жасауға мұқтаж. Арқада бөртіп-бөртіп, қызарып шығатын безеу тәріздес жарақаттардың шығатынын білесіз бе? Мұндай келеңсіздік тек бетте емес, дененің барлық жерінде пайда болуы мүмкін: арқа , кеуде, иық, тіпті жамбаста да пайда болады. Бірақ сіз безеудің қай жерде дамитынына қарамастан оны емдеуге болатынын біле жүріңіз.

Егер сізді осы мәселелер мазаласа күтім көрсетуді кейінге қалдырмаңыз.


Безеуге қарсы дене тазартқышын алыңыз

Дененің басқа бөлігіне шыққан безеулердің пайда болуын анықтап алыңыз. Бұл көбінесе қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдағанда, киімнің денеге реакция тудыратын қатқыл немесе жағымсыз матадан тігілгенін ұдайы киіп жүретін болсаңыз да осындай мәселе туындауы мүмкін.

Сондай-ақ, денеңізді тек иіссабынмен ғана жуатын болсаңыз, яғни қосымша жұмсартқыш құралдарды қолданбасаңыз да бөртпелер жиі шығады.

Моншаға барғанда теріні өлі жасушалардан арылтып, тазалап жуынып болған соң, көбікті гельді де қосымша қолданыңыз. Бұдан да басқа теріге күтім жасаудың тәсілдері көп.

Мысалы, теңіз тұзымен жеңіл ысқылау, бал немесе кофе ұнтағын жағу.

Денеге арналған салицил қышқылынан тұратын дайын косметикалық өнімдерді сатып алсаңыз да болады.


Қабыршақты теріден арылу

Ол үшін денені қатты ысқылаудың қажет жоқ, өйткені, одан әрі жағдайды ушықтырып алуыңыз мүмкін. Тек қана жұмсақ әрі жеңіл қозғалыстар арқылы терінің өлі жасушаларынан арылыңыз. Оны да түгелдей алып тастаудың қажеті жоқ. Өйткені, шынында да, теріні мұқият тазалау фолликулалардың қабынуын күшейтеді және бөртпелердің жағдайын одан әрі нашарлатуы мүмкін.

Сізге қажет жұмсақ душқа арналған жуғыштар, сүлгі немесе жұмсақ шөтке. Денені тазалайтын жууға арналған түкті ысқышты (мочалка) мұқият (жұмсақ) қолданыңыз.

Супер абразивтік скрабтар мен лофалар сіздің теріңізге мұндай кезде пайдасын гөрі зияны басымырақ болатынын ескеріңіз.

Егер сіздің теріңізде бөртпе, безеуіңіз болса, оның үстіне ол қабынған болса, тазартқышты мүлдем қолданбағаныңыз жөн. Өйткені, бөртпелерді одан әрі тітіркендіресіз.

фото: vbeautify.com


Душтың орнына ваннаны көріңіз

Бұл теріні тазалауға жақсы балама. Жылы ваннада қажетті сіңдіру өлі тері жасушаларын босатуға көмектеседі. Кір мен түрлі лас қалдықтарды кетіріп, тері тесіктерін ашық әрі таза ұстауға көмектесетін нәзік жолды қарастырыңыз.


Терлеуден кейін дереу шомылыңыз

Денедегі бөртпелер терлегеннен де пайда болады. Егер сіз терлегеннен соң жуынбасаңыз.

Егер сіз денеңізді тым құрғақ сезінсеңіз, жұмсақ, майсыз лосьондарды пайдаланыңыз.

Безеуді кетіру үшін дәрі-дәрмектерді де өз бетіңізше қолданбаңыз. Дермотолог-дәрігердің нұсқаулығыме ғана мұндай дәрі-дәрмектерді пайдалана аласыз.

Сізге дене лосьоны қажет болса, жұмсақ майсыз брендті таңдаңыз. Бұл тері тесігін бітеуден сақтайды.


Хош иісті лосьондар

Ия, оны қолдансаңыз хош иісті денеңіз керемет сезінеді. Бірақ сіздің теріңізде безеу немесе құрғақ болса, хош иісті лосьондар тітіркендіреді.


Безеуге қарсы күтім өнімдерін қолданыңыз

Енді сіздің денеңізді күту рәсімінен кейін, енді безеу, бөртпе секілді жарақаттарды емдеуге баса назар аударатын уақыт келді. Жақсы тері күтімі, әдетте, ағзаның жағымсыз көріністерінен тазарту үшін әдетте жеткіліксіз, әсіресе сіздің теріңізде безеу өте көп немесе кең таралған болса.

Теріңіз тазарғаннан және толық құрғағаннан кейін безеуді емдеуге кіріссеңіз болады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЗӘЙТҮН МАЙЫның бетке ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ да бар


Қол терісі ҚҰРҒАЙТЫН мезгіл, сондықтан КҮТІМ керек