​«ЕСКІРГЕН» күтімді ЗАМАНАУИ әдіспен алмастырыңыз

0
3 095

Бұл "күтім жасау" әдістерін ұмытатын кез келді


​«ЕСКІРГЕН» күтімді ЗАМАНАУИ әдіспен алмастырыңыз

фото: ortonur.ru

Сұлулық индустриясы бір орында тұрмайды, ал ғылым дамып келеді, сондықтан әлемде қай салада болса да бәсекелестік бар. Кез келген дерлік мәселені шеше алатын жаңа тиімді өнімдер, әдістер үнемі пайда болып, қарқынды даму үстінде. Бір сөзбен айтқанда «ескірген» сұлулық рецепттеріне жүгінесіз бе? Мысалы, қияр маскасының көмегімен әжімдерден арылуға болады деп үміттенесіз бе?

Әлбетте, бұл да мүлдем күтім жасамағаннан гөрі жақсырақ. Бірақ теріні жақсарту үшін қазір түрлі рецепттер бар. Ал күтім жасау үшін «ескірген» немесе мүлдем пайдасыз болып табылатын 7 түрлі сұлулық техникасын айтайық. Сізге оларды ұмытатын кез келді!


фото: create.vista.com

1.Көз астындағы «қалтаға» қарсы қияр тілімдері

Қияр 95% судан тұрады, яғни қияр тілімдерін көз астындағы қалташаларды немесе ісікті басу үшін қолдансаңыз, бұл уақытша әсер береді. Өйткені, салқын сумен ұзақ уақыт жуған секілді әсер береді. Бетіңізді салқын сумен жусаңыз қалай? Теріңіз сергіп, демалып қалғандай болады ғой, бұл да сол секілді сезім.

Ал шын мәнінде көздің астындағы ісінуден арылуды қажет ететіндерге антиоксиданттар, витаминдер, коллаген және гиалурон қышқылы бар арнайы патчтарды қолдану керек.


2.Тісті содамен ағарту

Ас содасының ағартқыш қасиеті бар екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Бірақ онымен ластанған ыдыстарды жусаңыз жалтырап шыға келеді, тек тісіңіз емес. Тіпті ас содасымен тісіңізді ағарту бос әурешілік, онымен қоймай, тістің эмальін зақымдап аласыз. Сондықтан, үй жағдайында бұл әдісті қолданудан мүлдем аулақ болыңыз.

Кәсіби ағартуды тек арнайы мамандарға, яғни тіс дәрігеріне барып жасатған дұрыс немесе кем дегенде осы мақсат үшін арнайы үй жиынтықтарын сатып алған дұрыс.


3. Целлюлитке арналған вакуумдық банкалар

Целлюлитке қарсы вакуумдық құмыра. Дәріханада сатылады. Зиянсыз көрінеді. Бірақ оның азабына шыдау қаншалықты дұрыс? Соның салдарынан бөксе мен сан немесе целлюлитті аймақтар түгел көгеріп, көз жасыңды төгуге тұрарлықтай ма? Өйткені көгерген жерлер кеткенде де целлюлит азаймайды.

Өйткені целлюлит - бұл май шөгінділері және олардан тек кешенді шаралар арқылы ғана құтыла аласыз. Спорт + массаж + дұрыс тамақтану.


фото: fizra.ru


4. Ағаш массажерлер

Қазірдің өзінде де бұрыннан қалған түрлі массаж «аппараттары» (ағаштан, пластмассадан жасалған) сіздің үйіңізде бар шығар. Оны үнемі қолданамын және маған пайдасын береді деп айта аласыз ба? Бір бұрышта, керексіз бұйымдардың қатарын толықтырып жатқан болар?

Егер сіз шынымен демалғыңыз келсе, массажға жазылу жақсы пайда береді.


5. Тауық жұмыртқасынан жасалған шашқа арналған маскалар

Жұмыртқа шынымен де дәрумендер қоймасы, оның құрамында амин қышқылдары, фосфор, темір, ретинол және басқа да пайдалы заттар бар. Бірақ оны шашқа жағу өкінішке орай, пайда бермейді. Егер сізге шынымен байқалатын әсер қажет болса, онда шаш түріне арналған кәсіби масканы сатып алыңыз. Қазір мұндай маскаларды кез келген косметикалық дүкендерден оп-оңай таба аласыз.

Ал жұмыртқадан жасалған шашқа арналған маска нәтижесі өкінішке орай, көбінесе үмітті ақтамайды. Нәтижесінде шаш құрғақ және қатты болады, өйткені жұмыртқаның сарысы ылғалдандыруды қамтамасыз етпейді.


6. «Қатып қалған» кірпік бояуын (тушь) көзге арналған тамшыларымен жұмсарту

Кейде құрамында спирті бар иіссулармен де сұйылтып жатады. Бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Көзге арналған тамшыларымен де, сумен де, күнбағыс майымен де, спиртпен де кірпік бояуын сұйылтуыңыз мүмкін, бірақ ескірген тушь бәрібір жарамсыз. Тушьты сұйылту оның формуласының бұзылуына әкеледі сондықтан, кірпік бояуының бұрынғыдай әсері болмайды. Не көлем бермейді немесе ұзармайды. Сонымен қатар, келесі күні кірпік бояуының тағы да «қатып қалғанын» байқайсыз. Ал бұның сізге пайдасы бар ма?


7. Лазло жүйесі бойынша жуу

Әйгілі жуу жүйесін венгр дерматологы Эрно Лазло 100 жылдан астам бұрын ойлап тапты, одан кейін Одри Хепберн, Мэрилин Монро, Грета Гарбо және Жаклин Кеннеди болды. Бірақ басты мәселе мынада: жүйені ойлап тапқан уақыт. Одри Хепбернде шынымен де заманауи пилингтер, скрабтар немесе теріні электрлік тазартқыш щеткамен тазарту мүмкіндігі болмады. Сондықтан бумен пісіріп, майлап, сабынды сумен жуып, жұмсақ губканы қолдануға тура келді.

Ал біздің уақытта әлдеқайда жетілдірілген заманауи және тиімді өнімдер бар!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Косметиканы ҚАНША МӨЛШЕРде жағу керек?


Шашқа ПИЛИНГ жасау керек пе?