​Кір сабынмен бетті жууға болмайды: НЕГЕ?

0
6 234

Кір сабын терінің қорғаныш қабатын бұзады


​Кір сабынмен бетті жууға болмайды: НЕГЕ?

фото: habarlama.com

Бет күтімі жайында көптеген тәсілдер бар. Алайда, олардың барлығы бірдей, барлық қыз-келіншектерге көмектеседі деп шешім шығаруға болмайды.
Жасөспірімдік шақта бетте алғашқы проблемалар пайда бола бастайды. Сол кезден бастап дұрыс күтім жасай білсеңіз, теріңізді сақтап қала аласыз.


Алғашқы безеу шыққан сәттен бастап күтім жасау жайлы ақпараттармен таныс болсаңыз, оны іс жүзінде қолдансаңыз, жүйелі күтім көрсетудің арқасында бетіңіз өте майлы және безеудің жиі шығатынына қарамастан бетіңіз таза әрі тегіс болып қала береді.
Бұрынғы кездері адамдар кір сабын, үй жағдайындағы рецептілерімен бетке күтім жасаған. Бірақ ол кезде қазіргідей арнайы құралдар болған жоқ қой. Бары сол болған соң қолынан келгенше күтім жасады. Ал қазіргі таңда бәрі дамып келеді. Косметология дамыды, әр бет типіне арнайы құралдар көп. Тек таңдай білу керек. Ерте жастан қай бет типіне күтім жасаса да өсе келе әр адам беті таза, тегіс болады.
Сонымен қатар, көп қыздар безеуді кетіру үшін бет терісін сабынмен жуып жатады. Ол теріге зиян. Мұны мен емес, мамандар да ұдайы айтудан шаршамайды.
Сондықтан, тек арнайы құралдармен күтім жасау жөнінде мамандардың кеңесін алған дұрыс.

фото: anoshkino-sosh.ru


Сабынмен, әсіресе кір сабынмен неге бетті жууға болмайды?


Адамның бет терісі - құрғақ, майлы, орташа типте болсада, қандай типте болса да, өзінің Ph қабаты болады. Яғни, беттің өзінің қорғаушы қасиеті болады. Мысалы, шаң-тозаңнан қорғау, бетке әжім түсуден қорғау секілді.
Ал сабын - микробты өлтіруші құрал. Оның құрамындағы сілті (щелочь) беттің құрамын бұзады. Егер күнделікті бетті сабынмен, оның ішінде кір сабынмен жуатын болса - белгілі бір уақыттан соң беттің қорғаныш қабаты бұзылады. Бұзылады деген сөз - адамның беті құрғап, ерте әжім түсіп, айналадағы лас ауа мен зиянды нәрселерден қорғай алмайтын болады.

Кір сабын - беттің табиғи майлылығын жояды. Ол бетке зиян. Сонымен қатар, дене терісі мен бас терісін де сабынмен жууға болмайды. Арнайы гель, сусабындармен жуу керек.

Егер безеуді қатты кетіргің келсе - барлық бетке емес, бір ғана безеудің үстіне кішкентай етіп жағуға болады. Бетке емес, кішкентай безеуге ғана, онда да абай болу керек.

Күнделікті бетін кір сабынмен жуатын адамның беті, егер 20 жастан бастап жуа бастаса - 25 жасқа келгенде жасы 30-35 жастағы адамның беті секілді болады. Терісі салбырап, құрғап, әжім басады.

Бұл айтып отырғанымның бәрі - косметологтардың кеңесі, өзім жүгінген маманның баяғыда дәлелденген фактілерге сүйеніп айтқаны. Ал сабынның одан басқа денсаулыққа зияны жоқ. Дұрысы, кір сабынды үй қызметіне қолданған жақсы.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КОСМЕТИКАны сақтаудың 7 ЕРЕЖЕсі


ГИРСУТИЗМ: әйелдерге НЕГЕ МҰРТ ШЫҒАДЫ?