​КҮНге дұрыс күюдің ЕРЕЖЕЛЕРІ

0
1 351

Күнге қыздырыну кезінде бетіңізге аса көңіл бөлу керек.


​КҮНге дұрыс күюдің ЕРЕЖЕЛЕРІ

фото: navigatorbeauty.com

Күніне 8 сағаттан артық күн астында жүру денсаулыққа да, теріге де зиян. Күнге қыздырынудың да өз ережесі бар. Егер осы ережені орындасаңыз, өз кезегінде сіздің денсаулығыңызға пайдалы болмақ. Күнге аз-аздан, ақырындап қыздырыну керек.

Егер сіз күннен қуат аламын, қыздырынамын деп шешсеңіз 15 минуттан бастаңыз. Күнге қыздырыну үшін жағажайда, жатып алып емес, ашық күн астында жүру пайдалырақ. Жағажайға барардың алдында 3 күн бойы осылай денеңізді «үйретіңіз». Содан кейін барып қана денеңізге күннен қорғаушы кремдерді жұқа етіп жағып, суға түссеңіз ағзаңызға да, теріңізге де зақым келмейді.

Суға түсіп шыққаннан кейін мұны тағы қайталау ләзім. Егер крем суға төзімді болса, тіпті жақсы.

Жағажайдан келгеннен соң, денеңізді арнайы гельмен тазартып жуғаныңыз дұрыс. Одан кейін ланолин майы немесе балалар кремін қалыңдау етіп теріңізге жағып қойсаңыз нәтижесі жақсы болмақ. Таза жуылған дене крем немесе қандай май жақсаңыз да, қандай қалыңдықта жағылған болса да өзіне сіңіре береді.

Сондықтан, күнге қаттырақ күйген жерлеріңізді қорықпай, көбірек майлай беру керек. Дене күнге күйгеннен кейін бірнеше уақыт бойы денеңіздің кейбір бөліктерін жауып жүруге тура келеді. Дененің ең сезімтал, жұқа тұстарына маңдай, мұрын, табан, санның ішкі бөлігі, тізенің арты және көкірек тұсы кіреді.

Күнге қыздырыну кезінде бетіңізге аса көңіл бөлу керек. Өйткені бет үнемі ашық тұратындықтан, тез күйеді. Сондықтан, жағажайда бетіңізді төмен қаратып, етпетіңізден жатыңыз және басыңызға шляпа киіңіз. Егер шалқаңыздан жатуға тура келсе, бетіңізге қалың етіп күннен қорғайтын крем жағыңыз.

Бұл кремді кетіру үшін үйге барғанда жылы суды қолданыңыз, өйткені салқын су кремнің құрамындағы майларды еріте алмайды. Жылы сумен тазалапжуып алған соң, соңынан салқын сумен шайсаңыз болады. Бетіңіз таза болғаннан кейін бетіңіз бен мойныңызға жұқалап нәрлендіруші крем жағып қойыңыз. Саусақ ұштарымен ақырындап кремді сіңіріңіз.


фото: traveltimes.ru

Күннің пайдасы

Күннің әсерінен денедегі қанайналым жақсарады, зат алмасу жылдам әрекет етеді. Күн иммундық жүйенің жұмысын нығайтады. Сонымен қатар күннің нұры фагоцитоз процесіне әсер етеді. Фагоциттер бактерия, вирустарды жойып, организмді қорғайды. Сондықтан адамдар күннің нұры аз түсетін мезгілдерде, күз, қыс айларында көбірек ауырады.

Адам ағзасына ең қажетті дәрумендердің бірі Д дәрумені күн нұрында көбірек кездеседі. Ал Д дәрумені сүйек пен тістің негізгі элементін түзеді. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі балалардағы сүйек ткандерінің бұзылысына алып келеді. Ал ересек адамдарда сүйектің бос болуына ықпал етеді.

Күн кейбір жыныс гормондарының жұмысын жақсартады, осының әсерінен адамның сезімталдығы артып, сүю, махаббат сезімдерін оятады.

Күн көңіл-күйді көтеретін серотонин гормонын бөледі. Осының арқасында тұрмыстағы кейбір түйткілдер аса ауыр қабылданбайды. Күйзелістің алдын алады. Сондықтан адамдар өздерін жас, көңіл-күйлерін көтеріңкі сезінеді. Скандинавия, Норвегия секілді күн көзі аз түсетін өлкелерде өмір сүретін адамдар күйзеліске тез шалдығып, өз өзіне қол жұмсау дерегінің көп тіркелуі де осы себепке байланысты.


Күннің зиянды жақтары

Күннің ультракүлгін сәулелерінің денеге көп өтуі ағзаға теріс әсерін тигізеді.

Күннің тікелей және шектен тыс сәулесі иммундық жүйенің нашарлауына алып келеді. Себебі, күн нұрының зиянды сәулелері денеге шектен тыс өткен кезде иммундық жүйенің барлық күші күннің зиянды сәулелерін жоюмен күреседі.

Ультракүлгін сәулесі тез қартаюдың ең негізгі факторларының бірі болып есептеледі. Соңғы мәліметтерге қарағанда ультракүлгін сәулелерінің зияны тері рагына шалдықтыру қауіп жоғары.


Күннен қорғаушы кремді қалай таңдаймыз?

Күннен қорғайтын кремді таңдаудан алдын кремнің құрамында қанша пайыз SPF бар екендігін білу керек. Себебі әр адамның терісі күнге әртүрлі күйеді.

SPF – бұл күннен қорғайтын кремнің теріні қаншалықты деңгейде қорғай алатынын, қанша уақытқа шыдайтынын білдіретін фактор.

Құрамында қанша пайыз SPF бар кремді қанша уақыт күн астында болатыныңызға қарап таңдауыңызға болады. Мысалы SPF 5 деген жазуы бар крем теріңізді 50 минут бойы қорғай алады. Ал, SPF 20 деген белгі теріңізді 200 минут, яғни, 3 сағат 20 минут бойы қорғай алады. Кремнің құрамындағы SPF пайызы көбейген сайын оның қорғау уақыты да ұзара береді. Бірақ бұл тері мүлдем күймей, бұрынғы қалпында қала береді дегенді білдірмейді. Бұл кремдер теріге ешқандай крем жақпай 10 минутта күйетін пайызын ұзақ уақытқа созады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ



Тағы да оқыңыз:


МЫНА тұнбалармен шашыңыз ЖЫЛДАМ өседі

Өкше жарылса лезде ЕМДЕУГЕ болады