Бет маскалары бірнеше түрге бөлінеді:
фото: create.vista.com
Бет маскалары бірнеше түрге бөлінеді:
қартаюға қарсы маскалар;
бет терісінің кемшіліктерін жою үшін;
күнделікті тері күтімі мен оның мінсіз күйін сақтау үшін.
Бізге дәл қазіргі кезеңге, яғни күз мезгілінде бетті ылғалдандырудың маңызы зор.
Бетті ылғалдандыратын өнімдер
Әлбетте, терінің сау әрі әдемі болуы тікелей тамақтануыңызға байланысты және міндетті түрде күнделікті күтім жасауды ұмытпаңыз. Теріңізді мінсіз күйде ұстау үшін тамақтану рационыңызды әртараптандыру ұсынылады.
Бет терісі ғана емес, бүкіл дененің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін күніне кемінде 1 литр таза су ішу керек (бұған шай, кофе, шырындар және басқа сусындар кірмейді). Су ішкі ағзаларды тазарту үшін де, теріні тазарту үшін де пайдалы. Тері әрдайым мінсіз таза және жаңа көрініс алу үшін қарапайым суды қажетті мөлшерде тұтыну қажет. Жуу үшін минералды немесе қайнаған суды қолдану ұсынылады. Қан айналымын жақсарту және үйде теріні тиімді түрде қатайту үшін бетіңізді күн сайын мұз текшелерімен сүрту жеткілікті.
Жұмыртқа
Бұл тек қол жетімді өнім ғана емес, сонымен қатар терінің сұлулығы мен денсаулығын сақтау құралы. Жұмыртқаның сарыуызында теріге қажетті лецитин және көп мөлшерде құнды дәрумендер бар. Жұмыртқаның ақуызы аралас және майлы терінің күйін жақсартуға көмектеседі. Тері саңылауларын тарылтып, ұсқынсыз майлы жылтыр жойылады.
Жаңа піскен көкөністер мен жемістер
Әлі де балғын көкөністер таусылған жоқ, күз мезгілі керісінше көптеген жеміс-жидектер мен көкөністердің пісетін уақыты. Олар теріге қажетті ылғал мөлшерін беріп қана қоймай, сонымен қатар құнды дәрумендер мен микроэлементтермен қанықтырады. Бұл өнімдердің басты артықшылығы - құрамында зиянды консерванттар жоқ, сондықтан тері тек пайдалы заттарды сіңіреді.
Сүт өнімдері
Ылғалдандырып қана қоймай, теріні керемет жұмсартады. Олар бетті ағарту және жасарту үшін ұсынылады. Терінің жұмсақ әрі нәзік болуы үшін сіз жылы сүтке аздаған мөлшерде мөлшерде су қосып, осы қоспамен бетіңізді жуу қажет.
Өсімдік майлары
Табиғи майлардың құрамында тері жасушаларына өте қажет дәрумендер мен бірегей микроэлементтер бар. Ұсақ әжімдерді жою үшін бет маскаларының құрамына өсімдік майын қосқан жөн, ол сонымен қатар теріні сергітеді, қабынуды, қызаруды және тітіркенуді басады.
Бал
Балдың қасиетін барлығы біледі. Бет терісінің сұлулығы мен жастығын сақтауға арналған табиғи өнімдердің бірегейі. Ол тері тесігін тез тазартуға ықпал етеді, келбетті жақсартуға көмектеседі, жасушалардың регенерация процесін жылдамдатады және жасартады. Дегенмен, бал өте күшті аллергендердің бірі екенін ескеру қажет, сондықтан оны өте сақтықпен қолдану керек және алдымен сезімталдық сынағын өткізу керек.
фото: yapokupayu.ru
Қалыпты теріге арналған ылғалдандыратын жасартатын маска
Мұндай масканы дайындау үшін 200 г суды қайнатып, шыны ыдысқа құйып алыңыз. Үстінен 3 ас қасық түймедақ гүлін қосыңыз. Ыдыстың қақпағын тығыз жабыңыз және біраз уақытқа тұндырып қойыңыз.
Шамамен 25-30 минуттан кейін сүзіп алыңыз да үстінен 1 шай қасық өсімдік майын құйыңыз. Осы сұйықтыққа мақта дискісін батырып, бетке жағыңыз. 20 минуттан кейін жылы сумен жуу керек.
Тұрақты әсерге қол жеткізу үшін бұл косметикалық процедураны кем дегенде аптасына бір рет жүргізу керек.
Құрғақ теріге арналған ылғалдандыратын және сергітетін маска
Жөке гүлінің қайнатпасын суығанша күтіңіз, үстінен 1 ас қасық сұлы ұны мен бірнеше тамшы өсімдік майын тамызыңыз. Тазартылған бет терісіне осы қоспаны жағыңыз. 25 минуттан кейін жылы сумен жуу керек. Мұндай масканы қалаған нәтижеге жеткенше әр күн сайын жасау керек.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: