​ТЕРІҢІЗДІ ЖАҚСАРТУ үшін жасалатын 6 ТҮРЛІ маска

0
3 213

Бұл маскалар теріні тегістейді, сонымен қатар әжімдерді жояды


​ТЕРІҢІЗДІ ЖАҚСАРТУ үшін жасалатын 6 ТҮРЛІ маска

фото: psiola-center.ru

Бал скрабы

Керектілер: 1 шай қасық бал, 1 шай қасық бидай кебегі, 0,5 шай қасық лимон шырыны. Мұндай рецептті дайындау үшін сізге сұйық бал қажет. Аталған өнімдерді бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырасыз.Дайын болған массаны бет терісін «жаңарту» үшін қолданады. Скрабты бетіңізге жаққан соң, 3 минут бойы жеңіл қимылдармен массаж жасаңыз. Одан кейін бірден жуып тастамай, 5 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң, жылы сумен жуып, құрғатып, соңынан нәрлендіргіш крем жағыңыз.


Сұлы майы скрабы

Бізге қажет: 1 шай қасық ұсақталған жарма, 1 шай қасық қант.

Екі өнімді біріктіріп, араластырған соң бет терісіне қолдана беруге болады. Айта кету керек, тек дымқыл теріде жүзеге асырылады.

Содан кейін 3 минут бойы массаж жасалады және құбыр суымен жуылады. Содан кейін теріңізді нәрлендіретін креммен «қоректендіріңіз».


фото: nvkz-tub.ru

Ашытқы маскасы

20 гр ашытқы мен 1 ас қасық зәйтүн майы қажет. Егер қоймалжың массаны аздап сұйылтқыңыз келсе, керегіңізше жылы су қоссаңыз болады. Өйткені ашытқы қалаған консистенцияға жету үшін жылы су құйылғаны жөн. Содан кейін дайын болған қоймалжыңның үстіне зәйтүн майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Бұл масканы 15 минут ұстасаңыз жеткілікті. Одан соң құбыр суымен жуып тастаңыз.


Қалақай маскасы

Қалақайдың 3-4 дана балғын жапырақтары мен 1 ас қасық бал және 1 шай қасық зәйтүн майынан керемет маска дайындауға болады.

Қалақай жапырақтарын блендермен немесе ұнтақтағышпен ұсақтау керек. Содан кейін дайын массаға бал мен зәйтүн майын қосасыз. Барлығын араластырып, бетіңізге жағып, 5 минуттай ұстаңыз. 5 минуттан соң масканы бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз. Бірақ ескере жүріңіз, мұндай маска сезімтал теріге жарамайды.


Картоп маскасы

1 дана орташа көлемдегі картоп, 2 ас қасық қаймақ, 1 ас қасық сүт, 1 шай қасық зәйтүн майы және 1 шай қасық глицериннен маска жасаймыз.

Картопты бүтіндей қайнатып, қабығынан тазартып алған соң, аталған өнімдерді қосыңыз және біркелкі массаға енгенше жақсылап араластырыңыз. Бұл масканы сақтауға болмайды, жарты сағат көлемінде бетіңізге жағып үлгеріңіз және 20 минуттай бетіңізде ұстаңыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.


фото: www.youtube.com

Нанмен маска

Бұл масканы дайындау үшін сізге мына өнімдер қажет:

Ақ нанның кішкене бөлігі, 4/1 кесе сүт, жарты шай қасық зәйтүн майы.

Ақ нанның бір бөлігін алып, оның үстіне сүтті құйыңыз. 10 минутқа қалдырып қойыңыз, нан сүтті сіңіріп алуы керек.Содан кейін зәйтүн майын қосыңыз және барлығын жақсылап араластырыңыз.

Айта кету керек, бұл масканы көз айналасына да қолдануға болады. Бұл маска теріні тегістейді, сонымен қатар әжімдерді жояды. Бетіңізге масканы жаққан соң 10 минутқа қалдырыңыз, соңынан бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Негізгі 20 ӘДЕТ: сұлулығыңызды ҰЗАҚ сақтап қала аласыз


Күзде ҚАРА КИІМ сәннен қалып барады