​ЗӘЙТҮН МАЙЫның бетке ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ да бар

0
1 180

Өнім 98% майдан тұрады, сондықтан...


​ЗӘЙТҮН МАЙЫның бетке ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ да бар

фото: Pinterest

Зәйтүн майының пайдалы қасиеттері туралы барлығымыз білеміз. Ағза үшін және тері күтімі үшін пайдасы орасан зор. Алайда, барлық көрсеткіштердің пайдасымен қоса, зиянды жақтары да бар екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Өнімнің құрамында көптеген қышқылдар болғандықтан, оның антисептикалық, қалпына келтіруші, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы қасиеттері бар. зәйтүн майы ағартатын, ылғалдандыратын, жасартатын құрал ретінде тиімділігі өте көп. Ол барлық тері типіне жарамды және оны үнемі немесе басқа ингредиенттермен бірге қолдануға болады.


Бет терісін тазартады

Зәйтүн майын тазартылған бет терісіне сіңіре отырып жақсаңыз, майдың тері тесіктеріне терең енуі, өлі жасушалардан жылдам арылтуы арқасында сіз жастық қалпыңызды ұзақ сақтай аласыз. Зәйтүн майы сіздің теріңізге балғындық пен тазалық сыйлайды және тер бездерінің жұмысын жақсартады. Ол май болғанымен, терідегі майлы жылтырдан арылуға мүмкіндік береді.


Ылғалдандырады

Өнім 98% май болғандықтан, ол теріні тез жұмсартады және нәрлендіреді, құрғақтық пен қабыршақтанумен күреседі, тіндерде ылғал жетіспеушілігін толтырады. Нәтижесінде теріңіз балғын әрі сау көрініске ие болады.


Тері түсін жақсартады

Егер бетіңіздің терісі үнемі бозарып, өңсізденіп жүретін болса, зәйтүн майының аздаған мөлшерін жағып қойыңыз, бозарған өңіңіз табиғи қызаруға енеді және жібектей жұмсақ, әдемі жылтырлық сыйлайды.


Ультракүлгін сәулелерінен қорғайды

Ультракүлгін сәулелерінен қорғану тек жаз мезгілдерінде ғана емес, жылдың кез келген мезгілінде қажет. Сондықтан, сізге көмекші зәйтүн майы ультракүлгін сәулесінің теріс әсерін бейтараптандырады, теріні жұмсартады және қалпына келтіреді.


Регенерацияны тездетеді

Зәйтүн майы безеу мен жаралар немесе әр түрлі дерматологиялық аурулардан кейін теріні қалпына келтіруге көмектеседі. Майдың арқасында тыртықтар, безеуден қалған дақтар жұмсарады және сырт көзге аз байқалады.


Қан айналымын қалыпқа келтіреді

Бұл терінің келбеті мен тегістігіне оң әсер етеді, нәтижесінде әдемі «жарқырап», өзін әлдеқайда тез жаңартады.


Ерте қартаюды тежейді

Май қышқылдары түрінде антиоксиданттардың болуы бетке теріс әсер ететін бос радикалдар мен токсиндермен күресуге көмектеседі. Зәйтүн майын қолдану арқылы сіз көз астындағы «қалталарды» тегістей аласыз, мұрын-ерін қатпарларының да тереңдігі аз байқалады.

Зәйтүн майы қалыпты және проблемалы теріге өте жақсы көмектеседі.

фото: sg.style.yahoo.com


ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ:

Жеке төзімсіздік (аллергияға бейімділік)

Бұл өте сирек кездеседі, бірақ сақтықпен қолданылу ұсынылады. Зәйтүн майын қолданамын деп шешсеңіз, алдымен аллергиялық реакцияны болдырмау жолын қарастырыңыз. Ол үшін алдымен локтен майлау керек.


Тым майлы тері

Егер теріңіз тым майлы болса, бұл мәселе де зәйтүн майын таза күйінде қолдануға болмайды, себебі бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін. Сондықтан оны басқа ингредиенттермен біріктірілген күйінде қолданыңыз. Мысалы, сұлы, лимон шырыны, көк шай және т.б.


Тері астындағы май өндірісінің жоғарылауы

Бұл жағдайда зәйтүн майын қолдануға болады, бірақ аптасына 1-2 рет емес, тек маскалардың құрамына қосу арқылы қолдана аласыз.


Ұзақ мерзімді қолдану

Тұрақты күтіммен теріде майлы қабық пайда болады, ол су-май балансын бұзуы мүмкін.

Бұл көбінесе безеу мен бөртпеге әкеледі. Зәйтүн майын бетке қолданған кезде оны кез келген дайын креммен немесе маскамен біріктірмеген жөн, себебі бұл оның тиімділігін төмендетеді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СУЫҚ КҮНДЕ бетті ылғалдандыратын МАСКА


«Қарынды» кетірудің 4 түрлі әдісі