ЖЕМІСтен жасалған ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ маскалар

0
871

​ҚАЛЫПТЫ теріге арналған.


ЖЕМІСтен жасалған ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ маскалар

фото: supermodnaya.com

Жаз мезгілі кейбір қыздарға ұнамайтын жыл мезгілі болуы мүмкін. Өйткені, бет терісі қарайып, күнге күйіп немесе құрғап кетуі мүмкін. Алайда, жазда неше түрлі жемістер піседі емес пе, сондықтан, жеміс-жидектің пісетін мезгілінде пайдалы маска жасап, керісінше өз пайдаңызға жарата біліңіз.
Өйткені, жемістерден жасалған масканың теріге ешқандай зияны жоқ. Сонымен қоса масканы дайындауға көп уақыт та кетпейді. Масканы кез келген жемістен жасауға болады.

Дегенмен, маска дайындауға болмайтын бірнеше жеміс түрін де біле жүргеніңіз абзал. Олар қарақат, шие.
100 гр. кез келген жемісті езіп, (қою ботқа секілді) таза бет терісіне 15 минутқа жағып қалдырыңыз. Уақыт біткен соң, бетіңізді жылы сумен (су бөлме температурасында) жуып тастаңыз. Масканы теріге жаққаннан соң, жатып демала тұрған дұрыс, теріге бірқалыпты сіңеді.
Терісі мұндай типтегі қыздарға (қалыпты тері) кез келген маскалар жарайды, өйткені тері қоспадағы барлық пайдалы заттарды сіңіріп алуға дайын.


ШАБДАЛЫ МАСКАСЫ
Ылғалдандыру үшін шабдалы жұмсағын үккіштен өткізіп, шанышқымен езіп, бір шай қасық кілегей немесе майлы сүтпен араласқан маска дайындау керек. Бұл масканы 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.


фото: massaget.kz

КӘДІДЕН ЖАСАЛҒАН МАСКА
Кәдіден жасалған маска да теріні ылғалдандырып, сергітеді. Ол үшін кәдіні үккіштің ең ұсақ жүзінен өткізіп, 20 минутқа бетке жағып қою керек. Бірақ бұл масканы жасамас бұрын, терінің кішкентай бөлігінде сынақтан өткізіп алған дұрыс, өйткені жас кәді кейбір кезде аллергиялық реакциялар тудырады.

Ескерту: Масканы күнде жасау міндетті емес аптасына 1-2 рет жасалып тұрғаны дұрыс.


АЙРАН+БАНАН МАСКАСЫ

Бұл масканы дайындау үшін айран немесе қатық және банан қажет. Екеуінен бірдей мөлшерде алып араластырып, дайын болған қоймалжыңды бет терісіне жағып 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт біткен соң жуып тастаңыз, бетті орамалмен сүрту қажет емес, табиғи кепкені дұрыс. Қалыпты тері соншалықты күтімді қажет етпейді дегендер қателеседі, өйткені кез - келген теріні жеміс маскаларымен нәрлендіріп отыру артық етпейді.

фото: Pinterest

БАНАН+БАЛ МАСКАСЫ

Бұл маска кез келген бет терісіне жағымды әсер етеді, бет терісін нәрлендіріп, тазартады. Бұл масканы дайындау үшін сізге жарты банан, алманың төрттен бір бөлігі және бал қажет болады. Алманың қабығын аршып майда теркадан өткізіңіз, бананды да езіп, алмамен бананды, балды араластырыңыз. Дайын қоймалжыңды 15-20 минутқа жағып, салқын сумен шайып жіберіңіз.

ҚИЯР МАСКАСЫ
Қияр – ағартатын және сергітетін қасиетке ие. Бұл маска түрі де қарапайым – кішірек бір қиярды жуып, қабығын аршыңыз да майда теркадан өткізіңіз. Дайын болған қоймалжыңды, бет терісіне қалыңдап жағыңыз да 30 минутқа қалдырыңыз. Бетке жаққаннан соң терінің қатты тартылғанын сезінесіз бірақ қорқудың қажет жоқ. Масканы жуған соң, дымқыл орамалмен бетті жай сүртіңіз де күнделікті жұмсартатын креміңізді жағып қойыңыз.

АЙРАН+БАЛ МАСКАСЫ

Айран – тамаша өнім өйткені, құрғақ теріге де майлы теріге де, аралас беті терісіне де пайдалануға болады. Бұл масканы пайдалану үшін, 1 шай қасық бал, 2 шай қасық айран қажет болады. Екі өнімді жақсылап араластырыңыз, дайын қоймалжыңды бет терісіне жағып 15 минутқа қалдырыңыз. Содан соң, қанжылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска бетті жақсы жұмсартады, қабыну болдырмайды.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Шашыңыз ЖИІ ТҮСЕ МЕ? СЕБЕБІН анықтаңыз


Майлы терінің КҮТІМІ БӨЛЕК