​Квадробер қаупі: Балаларды қалай қорғау керек

0
434

Квадробер -қарапайым сөзбен айтқанда жануарлар секілді төрттағандап жүру, секіру, жүгіру.


​Квадробер қаупі: Балаларды қалай қорғау керек

Қазір АҚШ, Еуропа елдерінде жасөспірімдер арасында квадробер тренді белең алып, әлем елдерінің бәріне таралуда. Квадробер балалар үшін несімен қауіпті? Баларды бұдан қалай қорғауға болады? Ата-аналар нені білуі тиіс?

Квадробер, квадробика немесе квадробинг – бұл латынның quattuor – төрт және ағылшынның aerobics – аэробика деген сөздерінің біріктірілуі. Негізі квадробер -қарапайым сөзбен айтқанда жануарлар секілді төрттағандап жүру, секіру, жүгіру. Ал қазір жастар төрттағандап жүруге қосымша бетіне жануардың маскасын тағып, үстіне киімін киіп алатын болған.

Мұндай ерекше трендтің шығуына себепкер болған жапондық Кеничи Ито. Ол маймылдың жүрісін спортпен байланыстырған. 2008 жылы Ито 100 метрді 18,58 секундтатөрттағандап жүгіріп өтіп әлемік рекорд орнатады.

Квадробер биылғы жылдың басынан бері балалар мен жасөспірімдер арасында әлем бойынша белсенді түрде тарай бастады. Әсіресе бұған қатты еліктейтіндер 10-15 жастағы балалар. Топ-топ болып жиналып ойын ойнайды немесе жаттығады кейін оны әлеуметтік желіге жүктейді. Бұл қазір еліміздегі балалар арасында да қарқынды белең алып келеді.


Сәннен бастау алып тұлғалық құлдырауға дейін барады

Квадробер өзге субмәдениетке қарағанда желілік белсенділікке ие. Сондықтан оның қауіпі жоғары. Желілік тренд жасырын орталықтан орнатылады және бала соған бағынышты болады. яғни қазір жеке видео түсіріп соны әлеуметтік желіге салып отырады, ал топ болған жерде қандай да бір квест ойнатылып, бір жерді басып алу, заңға қарсы әрекет ету секілді нәрсеге апарады.

Сонымен бірге өзін жануармен теңестіріп, жай ойын гой деп жүріп, бірте-бірте өзін солай ұстауы бек мүмкін. Мысық құсап тырнап алуға немесе өзін қасқыр сезініп тістеп алуға бейімделіп кетеді.

Қазір квадробер тараған елдердің көпшілігінде соларға арналған арнайы тағамдар, түрлі аксессуарлар мен құйрық, құлақ, маскалар сатылады.

Әзірге көптеген ата-аналар квадроберден үлкен қауіп көрмейді, баланың ойыны санайды. Тіптен көп уақытын телефонда өткізгенше бір мезгіл қимылдап, ойнап келеді деп түсінеді.

Квадроберлер өз қызығушылықтарын спорттың тіркелмеген бір түрі санайды. Төрттағандап жүріп, жануарлар ұқсап секіреді. Әрбір қимылы, әркеті өзі таңдаған жануарға барынша ұқсастырады және даусын да салуға тырысады.


Квадробер балалар үшін несімен қауіпті

Егер қазіргі балалар квадробикаға спортты ойын ретінде қараса, онда бұл қауіпті емес дейді мамандар. Спортта жақсы жетістікке жету үшін жануардың қимылын жасау – бұл жақсы практика. Жануардың қимылын қайталай отырып денені дамытуға болады.

Сонымен бірге квадробика мидың дамуына да жақсы жағынан әсер ете алады екен. 8-14 жаста баланың миы өте иілімді келеді. Балалар бұрын жасап көрмеген нәрсесін үйреніп алуға өте керемет жас. Сондықтан бұл жастағы балалар жануарлардың қимылын бір-екі қайталап-ақ жылдам үйреніп ала алады.

Дегенмен, мұның ең қауіптісі бала шекарадан асып кеткенде басталады. Тым әуестенген бала жануардың агрессивті жағын ала бастайды: тістейді, биіктен секіріп көреді, тырнайды. Ал бұл айналасындағылар үшін ғана емес, баланың өзіне де үлкен қауіп төндіреді. Сондай-ақ баланың әлі дұрыс қалыптасып үлгермеген жүйке жүйесін бұзады.


Бала неге квадроберге қызығуы мүмкін:

  • Ерекшелену. Квадробер болу – өзін ерекше етіп көрсету, жұрттың назарын аудару.
  • Эмоцияның әлсіздігі. Жануар секілді болуға қызығу үрей мен күйзелісті басудың тәсілі болуы мүкін. Шынайы өмірден алыстап, мәселені уақытша ұмытуға тырысады.
  • Ғаламтор әсері. Квадробер субмәдениеті әлеуметтік желілер арқылы қарқынды тарауда.
  • Топқа тәуелділік. Бала үшін топтың бір бөлшегі болу маңызды. Егер достары топ болып ойнап жатса, ол шетте қала алмайды.


Бала квадробер болғысы келсе, не істеу керек

  • Алдымен баламен сөйлесу қажет. Сынамаңыз, ұрыспаңыз, күлмеңіз. Жай ғана квадробер болғысы келуінің себебін сұраңыз.
  • Көмек сұраудан қорықпаңыз. Егер жағдай бақылаудан шығып бара жатса, психолог маманның көмегіне жүгініңіз.
  • Нақты шекара қойыңыз. Ойнауға, физикалық белсенділігін арттыруға болатынын айтыңыз. Бірақ, ешкімді тістеп, тырнап, жануардың даусын салып, орынсыз қылық көрсетуге болмайтынын ескертіңіз.
  • Айналасындағы жандарға назар аударыңыз. Мүмкін достарының көбісі квадроберлер шығар. Достарының балаңызға қалай ықпал ететінін білу үшін танысып алғаныңыз дұрыс.
Бала тәрбиесі – бұл түсіну/қабылдау және шекараны теңестіру.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.