ОТАҒАСЫ жақсы болса, НАШАР ДОС оны бұза алмайды

0
1 026

Отбасылы жігіттің бос уақытының көп бөлігін достарымен өткізуі жақсы емес.


ОТАҒАСЫ жақсы болса, НАШАР ДОС оны бұза алмайды

Тұрмысқа шыққан соң әрбір әйелдің араласатын ортасы кеңейеді. Жаңа туыстар пайда болады, жаңа достар тағы бар. Бұл жерде айтпағымыз - әйелдің күйеуінің достарымен қарым-қатынасы жайлы болмақ.

Жолдасыңның достарымен жақсы қарым-қатынасты қалай орнатқан дұрыс немесе міндетті түрде жақсы қарым-қатынаста болу керек пе? Жолдасыңның назарынан тыс қалып қалмау үшін не істеу қажет?


Қарсы тұру теориясы

Әрбір ер азаматқа өзін қызықтыратын тақырыпты талқыға салатын, қолдау реакциясын күтетін орта қажет. Ер азаматтың достары мен отбасындағы іс-әрекеттері мен сөйлеу мәнерінде әжептереу айырмашылық болады.

Отбасы құрғаннан кейінгі алғашқы уақыттарында ерлі-зайыптылардың «бұрынғы» ұстанымдары жұмыс істеп тұрады. Яғни, ер азамат үшін достары бірінші орында, ал әйеліне өз құрбылары ұнайды. Отбасылы болу бұрынғы өмір салтын өзгертуге себеп емес екенін таныстарына, бірінші кезекте келіншегіне дәлелдеуге тырысады. Мұндай жағдай көбіне отбасылық өмірдің алғашқы жылында сақталады. Кейін ер азамат өзіне қай жерде ыңғайлы, жайлы сол жаққа қарай ойысады.


Ер азаматтардың достығы

Жолдасының достарына деген қарым-қатынасы отбасылық өмірдің алғашқы, қиын кезеңдерінде қалыптасады. Отбасылы жігіттің бос уақытының көп бөлігін достарымен өткізуі жақсы емес. Ол кезде әйелінің алдында таңдау тұрады:

  • Барлығын сол күйінде қалдырып, жолдасыңның достарымен жиі жолығатынына көндігу.
  • Жолдасыңызды өзіңіз ұнатпайтын достарымен араластырмау.
  • Жолдасыңның достарымен тіл табысып, сол ортаға ену.

Қай нұсқаны таңдаса да соңына дейін күресіп, шыдау керек, барлық нәрсеге дайын болғаны дұрыс. Ол достар тіпті ерлі-зайыптыларды бір-бірімен ұрыстырып қоюы да әбден мүмкін. Сондықтан өз дегеніңзде тұру үшін біраз шыдам, күш қажет болады. Кей жағдайда ер азаматтың достығы тек қана араласумен ғана шектелмейді, сонымен бірге үлкен табыс та алып келуі және ары қарай дамуына көмектесуі мүмкін. Онда жағдайда ол достарды ұнатпасаңыз да сыпайылық, сыйластық танытқан дұрыс.


Ер адам неге досын таңдайды?

Қыз-келіншектер үшін құрбы, дос – ол ішіңдегіні айтып, сені тыңдайтын, қолдайтын, түсінетін жан. Ал, ер азаматтар үшін, достық – өзіңді оқшаулаудың тамаша мүмкіндігі. Ер азамат жақын достарының арасында өзінің бір сәт отағасы, отбасын асыраушы екенін ұмытып, еркіндікке беріледі.


Қандай жағдайда ер азамат отбасынан жолдастарының ортасын биік қояды?

  • Бала мінезді және өзіне жауапкершілік алғысы келмеу.
  • Өзгелердің талқысына түспеу және таныстарының арасында «әйелінің дегенінен шықпайды» деген сөзге ілінбеу.
  • Үйде өзін еркін сезіне алмау.
  • Әйелінің беделін төмен бағаласа.
  • Жылдар бойы жалғасып келе жатқан, ортақ қызығушылық бар достық. Мысалы, балыққа бару, тауға шығу, т.б.

Егер ер азамат достарына жиі кетіп қалатын болса, мұның себебін әйел жолдасының араласатын ортасы мен достарынан емес, керісінше өзінің отбасына деген қарым-қатынасынан іздегені дұрыс. Ер азаматты достарынан, ортасынан алыстату, оны жолдастарының алдында мазақ етумен бірдей. Мұның соңы дұрыс бола бермейді.


Нашар дос жақсы отағасын бұза алмайды

Көптеген әйелдер күйеуінің достарымен кездескеннен кейін, қыдырып, агрессиямен жауап беріп бұзылатынын айтып шағымданады. Алайда, адамның мінез-құлқын ең нашар деген достың өзі түбегейлі өзгерте алмайды. Адам бірден өзгеріп кетпейді және ешқандай сыртқы әсер оны жаман әдет жасауға итермелей алмайды. Ал достарымен кездескеннен кейін шығатын жағымсыз қылықтары, ол бұрыннан бар нәрсе. Тек әйел оны байқамайды. Жолдасының әр ыңғайлы сәтте сыртта болғанды ұнатуын немесе ішімдік ішкісі келуін мойындағаннан достарына жаба салғанды дұрыс көреді.

Жолдасыңызды достарынан ажыратып алмас бұрын, ол содан кейін жағымсыз әрекеттерін қояды ма деген сұраққа жауап іздеп көріңіз.


Жолдасыңыздың достарымен дұрыс қарым-қатынас жасау

  • Бірден өзіңізді жолдасыңыздың ажырамас бір бөлігі етіп көрсетіңіз. Шақыртулар, қандай да бір сұрақтар тек жолдасыңыздың шешімінде ғана емес, бірге қаралатынын достары білсін.
  • Жолдасыңыз дұрыс таңдау жасау үшін, оны көп тыңдауға және жиі қолдауға тырысыңыз. Бұл оған үлкен сенімділік береді.
  • Бірдеңе айтпай тұрып алдымен ойланып алған дұрыс. Мүмкін достарының сіз білмейтін жағдайлары бар шығар?!



Жолдасыңызды нашар достардың ортасынан қалай шығарып алуға болады?

Егер жолдасыңыздың достары тек нашар жағынан көрінсе (ойынқұмар, ішімдікке әуес, т.б), онда жағдайды өзгерту қажет. Араласуға бірден тыйым салу мүмкін емес. Алайда, жаймен, шыдамдылықпен, біртіндеп араларын үзіп тастамасаңыз да, ондай достардың зиянды әсері болатынын айтып түсіндіруге болады.



Дайындаған: Э.Базарбаева

ERNUR.KZ.