Әйелдер жас келінді "отқа орады" (видео)

0
13 410

Ғаламторда тараған видео көпшілікті таң қалдырған.


Әйелдер жас келінді

Инстаграм әлеуметтік желісінде жас келіннің үстін бірнеше адам адыраспанмен аластап жатқан видеосы тарады. Мұны көрген желі оқырмандары неліктен бірнеше әйелдер аластағанын түсінбей, таң қалысты.

Видеоның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз, бірақ көпшіліктің айтуынша, Батыс өңірде түсірілген сияқты.


Жалпы ел арасында сақталып келе жатқан салттың бірі - келінді отпен аластап, май құю. Бұл ғұрыптың мәні "Құдай отымызды өшірмей лаулатсын! От ана отбасымыз бен ұрпағымызды қолдасын" дегенге саяды. Дегенмен мәні бір ғұрып әр жерде әр түрлі орындалады.

Мысалы әдетте Оңтүстіктің халқы келінді босаға аттаған кезде аластайды. Ал батыстықтар беташар тойы өткен соң, келінді үйге оң аяқпен кіргізіп аластайды екен. Олар видеодағыдай от пен майға келінді аластап, бетіне сүртеді. Ондағысы келіннің дені сау, ұрпағы аман болсын, бәле-жаладан аулақ болсын деген тілек. Айырмашылығы бір адам емес, бірнеше адам осы әдісті қайталап келінге жасайды.

Видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ