Сіз адамның суреті бейнеленген торт жеп көрдіңіз бе?
Соңғы жылдары тортқа адамның сурет салу сәнге айналды. Егер тапсырыс берсеңіз, аспаздар сіздің бейнеңізді тортқа қиналмай түсіріп береді.
Бірақ бұл қаншалықты дұрыс? Біреудің құлақ, мұрынын жеп отырған қызық көрінбей ме? Осы тұста пікір екіге жарылады. Бірі: "Онда тұрған ештеңе жоқ, креатив" деп есептесе, екінші бірі: "адамның өзін жегендей боласың..." деп шошиды. Мұндай "креатив" кішкентайларды да шошытады екен. Оған төмендегі видеоны көрсеңіз көзіңіз жетеді.
Байқағандарыңыздай, бүлдіршін "Басымды жемеңдер..." деп шыр-пыр болады. Демек, ол балаға адамның суретін кесіп жеу қорқынышты.
Негізі бұл мәселе бұрыннан-ақ, әлеуметтік желілерде талқыланып жүр. Бірде танымал радиожурналист Гүлбағыш Бостан:
"Қонаққа бардық. Торттың бетіне той иесінің суретін салдырып алып келіпті. Тосын сый!!! Барлығымыз суретке түсіп, қызықтап жатырмыз. Енді ол торт болған соң желіну керек. Асаба той иесі бірінші болып өзі кессін деп, қолына пышақ берді. "Оппа!" деп басы тұрған жерді ойып алып, аузына салды. Енді жақындары деп кезек-кезек шақырды. Әркім әп-әдемі суреттің талқанын шығарып ойып-ойып алып кетті. Сөз жоқ.Торт тәтті екен. Қарасам, маған үй иесініңаяғы келіпті. Тамағыма кептеліп қалды. Су ішіп, әрең өткіздім. Жалпы соңғы кезде тортқа мүсінін жасатып, суретін салдырып әкелу сәнге айналды ғой. Дей тұрғанмен маған сол дүние ұнамады. Тірідей адам жеп отырғандай боласың....Мүмкін мен жаңсақ ойлайтын шығармын?!"- деген ойымен бөліскен болатын.
Шынында, адамның суретін тортқа салу және оны жеу деген адамды кідіртетіні рас. Бірақ, оған деген сұраныс көбеймесе, азайған емес. Керісінше, қазір тек тортқа емес кішкентай тәтті тоқаштарға да салу сәнге айналып жатыр.
Сіз өзіңіз "тұрған" тортты жеп көрдіңіз бе?
Тағы оқыңыз:
Желідегілер келінді вокзалдан шымылдықпен күтіп алғандарды сынға алды (видео)
Автор: @karashash_esenbay
Фото-видео желіден алынды