"ЕКІ ЕЛДІҢ ОРТАҚ ТОЙЫ" - Үнді жігіт пен қазақстандық қыздың тойына көпшілік қарсылық білдірді

0
3 699

Үнді жігітінің қазақстандық қызға үйленгені, және де тойдық қазақ жерінде болуы көпшіліктің қызығушылығын туғызды


Сурет: желідегі видеодан скриншот

"Жаман ұлт болмайды, тек жаман адам болуы мүмкін" деген сөздің төркіні бір ұлттың барлық адамы теріс пиғылды болуы мүмкін емес дегенге келеді. Желіде ақ көйлек киген қалыңдықтың үнді жігітімен қуанышы жазылған бейнежазба тараған болатын. Үнділердің салт-дәстүріндегідей гүлдермен көмкерілген тақпен ортаға шығып, сол елдің жігітімен қол ұстасқан қалыңдықты көпшілік сынның астына алып жатыр.

Хан сарайындай салтанат сарайының төрінде қол ұстасқан қос ғашықты қазақтың қыздары шыр көбелек айналып билеп қарсы алып жатқан көрініс кездеседі. Білуімізше, үнді қыздарының тұрмысқа шығардағы дәстүрлері мүлдем өзгеше. Ақ көйлек емес, өздерінің ұлттық "сариі" көрініс табуы керек болған. Бұл жерде екі жақтың құдалары " арбаны да сындармай, өгізді де өлтірмейік" деген болар?!


Ал, оқырмандар тарапынан жәй ғана бақыт тілегендердің саны көп емес. Өзге ұлттың етегінен ұстағаны дұрыс деп санамайды. Жаман болса да өз қандасының шаңырағына еніп, ұлтының ұрпағын көбейткенге не жетсін деген сыңайда пікір білідіріп жатыр.

"Өз ұлтының жігіттері қадірін білмегеннен кейін қайтеді енді. Өзі жыламай жүрсе болды ғой", "Екі елдің ортақ тойы болған сияқты. Келісілген түрде", "Алланың бұйрығы емес, қызыдың санасыздығы", "Әке - шешеден келген тәрбие ол. Оны ешкім де өзгерте алмайды. Мүмкін ақшаның соңынан кеткен болар", "Жетіскен жерің осы екен", - деп пікір білдірді оқырмандар.

Айта кетейік, видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз. Ол қойылым болуы да мүмкін.

ERNUR.KZ