"ҚАРТТАРДАН ҚОРҚАТЫН ЗАМАН" - Жас қызға таласқан екі шал күлкіге қалды (видео)

0
2 890

Жас қызға таласа билеген қарияларға көпшілік ренішін айтты.


фото: инстаграм желісінде тараған видеодан скриншот

"Қызға кім қырындамайды, қымызды кім ішпейді". Ата сақалы ауызынан түсіп, бата берер шаққа келгенде жас қызға таласқан екі қария күлкіге қалды.

Қуаныш үстінде мың бұралған арумен ынтыға билеген қариялардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Кәріге күліп, жасын берсін дегенімен, көпшілік оқырман бұл көріністі масқараға балады. Жас буынның өрескел қателерін жіпке тізе сынайтын аға буынның әрекеті осы болса, ұрпағына не мін тағады деп ашынады.

Десе де, қызық көріп, әзілге балағандар да баршылық. Жас аруға неге жастар емес, қазыналы қариялардың таласып жатқандығы қызықтырды көпшілікті.


Ал, оқырмандардың бір жағы қызға қырағы көзбен қарап жатыр. Олардың айтуынша, еркек қай жаста да еркек, таласып жатқан қыздың қайтпай билеуінде де бір мән бар екен.

"Қазір жастардан емес, қарттардан қорқатын заман, жастарға не үлгі мынау", "Кемпірлері көрсе өлді ғой", "Ана қыздың орынында болсам маңдайынан тебер едім", "Шайтан шалдар, немересіндей қызға қылтыңдап", " Ай нелерің бар. Билесе билепті де. Жаман нәрсе жасап жатқан жоқ қой", " Ол жерде қызда намыс жоқ қой" деген пікірлер бар.

ERNUR.KZ