​«ҚАСҚЫРДЫҢ ТЕРІСІН ТӨСЕП, ӨЗДЕРІҢЕ ШАУЫП ЖҮРМЕСІН»: Қазақтың салтын білмеген асабаны көпшілік сынға алды (видео)

0
11 170

Келінді ҚАСҚЫР ІШІКТІҢ үстіне шығарып БЕТІН АШҚАН асаба жұрттан сөз естіп қалды.


​«ҚАСҚЫРДЫҢ ТЕРІСІН ТӨСЕП, ӨЗДЕРІҢЕ ШАУЫП ЖҮРМЕСІН»: Қазақтың салтын білмеген асабаны көпшілік сынға алды (видео)

Инстаграм желісіне шыққан кезекті бейнежазбаны көпшілік жігіне бөліп талқылап тастады. Бұл жолы көптің сынына жаңа түскен келінді қасқыр ішіктің үстіне шығарған асаба мен сол тойдың иесі нысанаға ілінді.

Желіге жарияланған бейнежазба астында бұл салттың ертеден бар екені, тек қана келіннің аяғының астына қасқыр терісі емес, қой терісінен жасалған тулақ төселетіні жайында жарыса жазғандар көп болды.

Оқырмандардың айтуынша, қасқыр ішікті қазақ аяққа баспаған, тіпті иыққа желбегей де жамылмаған. Ал келін ибалы әрі мінезі жұмсақ болсын деп жас сойылған қойдың терісін төсейтін салт болғандығын жазды оқырмандардың көпшілігі.

Сонымен қатар, қасқыр терісінен ер адамдардың жағалы киімі тігілетін болғандықтан, әйелдің, әсіресе, жас келіннің аяғының астына төсеуді дұрыс деп таппады көпшілік.

Айта кету керек, бейнежазбадағы асаба «Әулетке қасқыр жүректі, айбатты, айбынды ұл тусын деп келіннің аяғынан сыз өтпесін деп арнайы қасқыр ішіктен тігілген мамық тонның үстіне тұрғызған жайымыз бар» дейді.

Бұл сөзі үшін де айтылған пікір көп. «Әйел адам оның ішінде жас түскен келін жыртқышқа жоламас болар», «Қазақта 40-жастан аспаған ер адамдарға қасқыр терісінен бас киім киюге болмайды деп естігем Əжемнен. Қазіргі келіндер одан асып кетсе қайдам, таң қалмаймынҚасқыр тері төсеп. Өздеріңе шауып жүрмесін. Сосын кім жаман Қатын жаман. . Қазақтың салтын көргің келсе Маңғыстауға кел», «Қазақта келіннің аяғының астына қойдың терісін төсеген қасқырдың терісін еш уақытта төсемеген салтты білмесең салт дəстүр деп айтудың қажеті жоқ» десті оқырмандар.

Сонымен қатар, тулақтың үстіне келіннің сол аяғымен шыққаны да оқырмандар назарынан тыс қалмапты.

Айта кетерлігі, тойдың қай жерде болғаны белгісіз. Шымкентте болуы мүмкін екенін жазған оқырмандар да бар.