"ҚАТЫН ҚҰТЫРҒАН ЗАМАН" - Ұятсыз би билеген қыздар көпшілікке ұнамай қалды

0
12 420

Той үстінде тәтті күндер әні емес, ұятсыз би билейтін болған ба?


Сурет: әлеуметтік желіден

Қыз баласы ұясынан ұшып, ұзатылар алдын тағы да бір жиын өтеді. «ТЕК ҚАНА ҚЫЗДАР» кездесіп, өзара той тойлайды. Кезінде көп тойлана бермейтін бұл қуаныш, қазір кәдімгі үрдіске айналған. Бірінен бірі ерекшелеп, өзгеріс енгізгісі келеді. Караокеде ән айтады, түнгі клубда би бмлейді, тіпті, сауда мен моншада өткізгендер де бар арасында.

Әлеуметтік желіде тараған осы бір би билеген қыздардың бейнежазбасы көпшілікті таң қалдырды. Заманның ағымына еріп, қыз баласының ар-намысына, болмысына сай келмейтін қылықтарды жасайтындарды оқырмандар сөгіп жатыр.

Ұзатылар қызды орындыққа отырғызып, алдында көлбеңдеп билеген екі қыз елге жақпай қалды.


Ерсі биді көріп, жағасын ұстап отырған оқырмандардың да айтары көп.

"Қатын құтырған заман болды", "Ұяты жоқ қыздар", "Нендей ана болады екен мыналар", " Қатырдық деп ойлап жүрген болар. Ертең қартайғанда балаларының алдында осы видеоны көрсе қай тесікке кірер екенсіңдер", "Қазақтың қыздары емес деп үміттенемін",-деп пікір қалдырған.

Иә, ұзынқұлақтардың айтуы бойынша бұл қазақ жерінде, Жаркенттің төрінде болған көрініс. Біршама оқырманның үміттенгеніндей, бұл биді билегендер қазақ емес, ұйғыр қыздары екен. Десе де, қыз бадасына жараспайтын қылықты жасаудың өзі көзге түрпідей тиеді.

ERNUR.KZ

ВИДЕО: kazakh.toy