"Қырғызстанға келесіз бе?" - Қазақстандық әнші қызды қырғыздар да тойға шақырып жатыр

0
2 447

"Анаңды он жылға жасарттың" деседі қырғыз ағайындар.


фото инстаграм желісінен алынды

Анасымен бірге ән салып, өз тыңдармандары мен әлеуметтік желідегі оқырмандарын жинап үлгерген Гүлмира Ізбасқанованы көрші қырғыз елінің де азаматтары тойға шақырып жатыр.

Гүлмира өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына тойда ән айтып, көпті билеткен сәтіндегі бейнежазбасын қалдырыпты. Оқырмандары арасынан оған қырғыз тілінде пікір қалдырып, тамаша тілектер айтқан желі қолданушылары көп. Арасында "Тойға шақырсақ, келесіз бе?" деп ұсыныс тастағандар да болыпты. Сонымен қатар, анасына разы болған көрші ағайындар да жеткілікті.


Дегенмен, көптің аты көп, арасында әнші қыздың сырт сымбатына сын айтқандар да аз болмаған. Ал оның қасында билеген жігіттің қылығына көңілі толмағандар да жетерлік. Ән салып тұрған қыздың алдында құлаған азамат та көптің сын көзінен таса қалмапты.

ERNUR.KZ