"Обал болды": Ұйықтап жатқан ұлына ақша тықпалаған ана көпшілікке жақпай қалды (видео)

0
2 129

Өзінің тұсаукесер тойында ұйықтаған сәби ештеңе сезер емес.


фото: kaz.nur.kz.

Өзінің тұсаукесер тойында ұйықтап отырған сәбидің видеосы Instagram-дағы insta_azil парақшасында пайда болды.

Видеодан сәбидің жайылған ақ матаның үстінде ақшалардың арасында ұйықтап отырғанын көруге болады. Ал анасы ұйықтап отырған сәбидің қолына он мың теңгені ұстатып жатыр. Алайда ұйқысын қимаған бүлдіршін ештеңеге назар аударар емес.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларына ұйықтап отырған ұлының қолына ақша тықпалаған анасының әрекеті жақпай қалған.

"Обал болды-ау баладан", " Не деген сұмдық. Өз баласын ақша үшін сонша қинап", "Ел жұртқа қандай той жасап жатқанын көрсетейін деп балаға дұрыс көңіл бөлінбегені байқалып тұр. Уақытымен баланы ұйықтатып алса мұндай жағдай орын алмас еді", "Ақшаға қарағанша, баланы ұйықтатса болады ғой" деп жазады желі қолданушылары.

Кейбір пікір білдіргендер баланың ұйқысына қарап, "болашақта үлкен шенді азамат болады", "нағыз депутат болатын бала ғой" деп те әзілдеген.