Тойда қысқа көйлекпен халық әнін орындаған қыздар көпшілікке ұнамай қалды

0
6 459

Қысқа көйлекпен халық әнін шырқаған қыздар сынның астында қалды.


Тойда қысқа көйлекпен халық әнін орындаған қыздар көпшілікке ұнамай қалды

Қысқа көйлекпен халық әнін шырқаған қыздар сынның астында қалды.

Бұл видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Оны желіге жүктеуші оқырмандарға "Әнді шатастырып алды ма, әлде көйлегін бе?" деген сауал тастаған.

Видеода бес қыз халық әні "Қамажайды" шырқап, әуенге билеп тұр. Мұны көрген желі қолданушылары "Бұл қыздар үстін шешіп тастай салмай ма?", "Бәріміз ақша жинап мата салып алып берейік", "Жігіттер, осындай қыздардан аулақ жүріңіздерші" деген сынды жағымсыз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Видеоның қай аймақта түсірілгені белгісіз. Бірақ желі оқырмандары "Тойда ән айтып, қысқа киетін қыздарға тыйым салу керек" деген пікірлерін жазуда.


Видео әлеуметтік желіден алынды

ERNUR.KZ