Тойда қазақша ән айтатын үндістандық: "Маған қазақтың əндері қатты ұнайды"

0
3 411


Тойда қазақша ән айтатын үндістандық:

Үндістаннан келген жігіттің тойда ән салып жүрген видеосы желіде кең тарады. Оның қазақша ән айтқанын көрген желі қолданушылары таңырқап, түрлі жақсы лебіздерін жазып жатыр.

Бірақ ішінде қазақтың жігіттері де өзге тілде сөйлей алатынан алға тартып, жақтырмаған сыңай танытқан. Тойда Төреғали, Абай Бегей сынды хитмендердің әнін шырқап жүрген жігіт Шымкент қаласында тұратын болып шықты.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің есімім Махмұд Бхати. Әльхамдулилла, мен мұсылманмын. Мен Үндістаннан келдім. Маған қазақ əндері қатты ұнады. Менің хоббиім ән айту. Қазір Шымкентте тұрамын. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Мен қазақ тілін құрметтеймін" деп жазып қойған.



Сондай-ақ, әуесқой әнші өзінің ютубтағы арнасын тұрақты түрде жүргізетін болып шықты. Ол жерден әншінің қазақ тілінде орындаған әндерін тыңдауға болады.



Соңғы кездері қазақ той бизнесіне өзге ұлт өкілдері де етене араласа бастады. Осыдан біраз бұрын қара нәсілді жігіттердің ән айтқаны желіде талқыға салынып еді. Енді үндістандық жігіттің өнері шықты. Бұл туралы көпшіліктің ойы екіге жарылып кеткен. Ал сіз қай тараптасыз? Өзіңіздің тойыңызға өзге ұлт өкілінің қазақ тілінде ән айтқанын қалайсыз ба?


Фото желіден алынды.

ERNUR.KZ