«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі келушілер үшін өз жұмысын тоқтатады

0
3 287

Музей нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз.


«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі келушілер үшін өз жұмысын тоқтатады

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 14 наурыз 2020 жылғы №63 бұйрығына сәйкес «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатты" - делінген хабарламада.

Музей жұмысын жалғастыратын уақыт қосымша хабарланатын болады.