ТҮРКІСТАН: Қала әкімінің жедел штаб жиыны өтті

0
1 313

Азық-түлік дүкендері және дәріханалардың жұмысы тоқтамайды.


ТҮРКІСТАН: Қала әкімінің жедел штаб жиыны өтті

Қала әкімдігінде Түркістан қаласы әкімі Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 16 наурыз 8:00-ден 15 сәуір 7:00-ге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізу уақытын кейінге шегерілуі айтылды.

Осы мақсатта, қала әкімдігінде Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті.
Түркістан қаласы аумағында Төтенше жағдай уақытында қауіпсіздіктің алдын алу шаралары жүйелі жүреді.
Атап айтсақ, тойханалар, театр, көрме сынды халық көп шоғырланатын жерлер қызметін тоқтатып, оны қадағалау полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Базарлар жұмыс істегенімен, дезинфекциялау және тазалық жұмыстары күшейтілетін болады.
Сонымен қатар, жарлыққа сай азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу-істемеу шешімін әрбір жергілікті атқарушы органға тапсырылған болатын. Рашид Абатұлы, азық-түлік дүкендері және дәріханалардың жұмысы тоқтамайтынын айтты.