Түркістан қаласына кіріп-шығатын 6 бағытта қадағалау пункті жұмыс істеп тұр

0
1 153

Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде


Түркістан қаласына кіріп-шығатын 6 бағытта қадағалау пункті жұмыс істеп тұр

Түркістан қаласына кіріс-шығыс жеті жол бар болса, соның негізгі 6 бағытына бақылау-өткізу бекеті қойылған. Түркістанда пандемия, яғни коронавирус індетін жұқтырған жағдай анықталған жоқ. Десе де, сақтықта қорлық жоқ екенін ескеріп, қалаға кіріп жатқан көліктердегі әрбір азаматтардың дене қызуы өлшенуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Онда полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде.
Блок-посттарда жұмыс жасап жатқан қызметкерлер үшін барлық инфрақұрылым жүйесі, яғни, су, жарық, дәретхана, шатыр (палатка) қарастырылған.
Рашид Абатұлы қалаға кіре беріс қақпалардағы істердің талапқа сай жасалуын күндіз және түнгі уақыттарда барып бақылады. Жалпы, індеттің алдын алу шаралары шаһардағы қоғамдық орындарда күшейтілген режимде атқарылуда.