ТҮРКІСТАН: Құны 1 млрд теңгеден асатын мал бордақылау алаңы жұмыс істеп жатыр

0
847

Асыл тұқымды мал санын 6000-ға жеткізуді көздеп отыр.


ТҮРКІСТАН: Құны 1 млрд теңгеден асатын мал бордақылау алаңы жұмыс істеп жатыр

Арыс қаласында құны 1 млрд теңгеден астам мал бордақылау алаңы жұмыс істейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Сырдария елдімекенінде "Достар-М" ЖШС-і асыл тұқымды сиыр шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған. Кәсіпкер Мамытхан Айдақараев «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды өсіру, көбейту» бағытында 1 млрд. 332 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған.

Серіктестік Бурятия Республикасынан етті бағыттағы 2050 бас қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малын әкелуді жоспарлаған. Әуелі бірінші кезең бойынша қолда бар қаражатқа 448 бас сиырды сатып алса, алдағы уақытта кезең-кезеңімен мал басын тағы 1602-ге арттырмақ. Жоспарға сай, асыл тұқымды Зеңгі баба тұқымының санын 6000-ға жеткізуді көздеп отыр.

«Қалмақ сиыры – ірі қараның етті тұқымы. Табиғаттың қатаң климатына әбден бейімделген. Еті дәмді болып келеді. Бұқасы 800–850 келі, сиыры 350–550 келі, жақсы күтімдегі 18 айлық бұқашықтары 450–500 келіге дейін жетеді. Аналық бас орта есеппен жылына 650–1000 келі сүт береді», - дейді Мамытхан Айдақараев.

Сонымен қатар, шаруашылық иесі 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда шаруа қожалығы 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.