Сақтық шараларының тиісті деңгейде атқарылу қажеттілігі кәсіпкерлерге түсіндіріліп жатыр.
Түркістанда індеттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, құрамына қала әкімдігі өкілдері мен полиция қызметкерлері енген 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандар мен халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарының сақталуын қадағалауда. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларының тиісті деңгейде атқарылу қажеттілігі кәсіпкерлерге түсіндіріліп жатыр.
Айта кетсек, мобильді топтар соңғы үш күнде 654 нысанды араланған.