Қазіргі уақытта Түркістан облысында қауіпті індет жұқтырған 33 науқас тіркелген.
Түркістан облысында шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға сәйкес, 1 аудан, 6 елдімекен, 2 медициналық мекемеде және 3 тұрғын үйде шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олар: Жетісай ауданы, 6 елді мекен - Ордабасы ауданы, Бадам, Дербес елдімекендері, Сарыағаш ауданы, Еңкес елдімекені, Сайрам ауданы, Қосбұлақ, Ханқорған ауылдары, Арыс ауданы, Наурыз елдімекені.
Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Әбдіхалық е/м, Ақберен көшесі №41 үй, Жетісай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі №67/3 үй, Жетісай қаласы, Ерубаев көшесі №5/3 үй тұрғын үй; 3 көше- Мақтаарал ауданы, Атакент е/м, Н.Төреқұлов-А.Пушкин, Н.Төреқұлов-Желтоқсан, Ғ.Мұратбаев-А.Пушкин көшелері карантинге жабылды.