Түркістан облысында екі жұмысшы жанармайдан уланды

0
1 223

Қазіргі таңда уланған екі азамат дәрігерлердің бақылауында.


Түркістан облысында екі жұмысшы жанармайдан уланды

фото: кадрдан

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жанар-жағармай сақтауға арналған жертөледен екі азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 мамырда «112» қызметіне шұғыл хабар түскен.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінде Алматы-Термез автожолының 757-шақырымында «Жанойл» жанармай құю стансасында екі адам зардап шеккен.

Стансаның жанар-жағармай материалдары цистернасын сақтауға арналған жертөлесінде 1959 және 1987 жылы туған екі жұмысшы тазарту жұмысын жүргізіп жатқанда мұнай өнімінің буынан уланғаны анықталды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 техника, полиция департаментінен 5 қызметкер, бір техника жетті.

Олар зардап шеккен екі азаматты құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі таңда уланған екі азамат дәрігерлердің бақылауында.