ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданындағы 9 елді мекенге газ берілді

0
1 353

Аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, өзге де елді мекендергеде газ жеткізу мәселелері қаралып жатқанын айтты.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданындағы 9 елді мекенге газ берілді

Түркістан облысы, Төлеби ауданында 9 елді мекенге табиға газ беріле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков осы үлкен қуанышқа байланысты өткен жиынға қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Жиында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, өзге елді мекендергеде газ жеткізу мәселелері қаралып жатқанын айтты.


2017-2019 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен 1 млрд. 988 млн. теңгеге Тасарық ауылдық округіндегі Тасарық, Жамбыл, Ханарық, Оңтүстік, Қаратөбе ауылдық округіндегі Майбұлақ, Қостөбе, Қаратөбе, Балдыберек, Төңкеріс елді мекендеріне ауылішілік газ құбырының құрылысы жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда 9 нысанды сығымдау актілерімен орындаушы техникалық құжаттары рәсімделген. Бүгінде 9 елді мекен бойынша 1542 абоненттің 793 абонентіне техникалық шарттар алынып, ішкі газ құбырлары жүргізілген. Сондай-ақ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на тіркелген. Бүгін пайдалануға берілген газ жүйесін қосқанда, аудан көлеміндегі 55 елді мекеннің 48 елді мекені табиғи газ жүйесімен қамтылмақ.

Ауданда қалған Қоғалы ауылдық округінің Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы және Қасқасу ауылдық округінің Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Кеңесарық, Керегетас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сметалық құны – 1 млрд. 269 млн. теңге. Жобаны қаржыландыру үшін 2020 жылға арналған республикалық және облыстық бюджетке ұсынылып, қаржыландыру күтілуде. Жоба қанағаттандырылған жағдайда Төлеби ауданының 55 елді мекенінің 118 600 тұрғыны 100% табиғи газбен қамтамасыз етіледі.