Түркістанда 8 адамға 11 млн теңге несие алдыртып алдап кеткен әйел ұсталды

0
1 073

Несиені алдыртып, қарызын төлемей қойған.


Түркістанда 8 адамға 11 млн теңге несие алдыртып алдап кеткен әйел ұсталды

Түркістан қаласында тұрғындарды 11 миллионға жуық теңге несие алып қарызға батырған алаяқтыққа күдікті әйел құрықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыздануы бойынша, белгісіз азаматшаның 1 миллион теңгеге несие алып беруге көндіріп, бірнеше айдан соң төлемей қашып кеткен. Ақшаны алып, қарызға батырып кеткен күдіктінің әрекетінен сан соғып қалған тұрғын бірден полицияның көмегіне жүгінеді.
Түркістан ҚПБ-ның полицейлері аталған жайтқа байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізу нәтижесінде, қалалық сақшылар алаяқтыққа күдікті әйелді анықтап, құрықтайды.

Ол осы қаланың тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті әйелдің арызданған азаматшадан бөлек Түркістан қаласының тағы да 8 тұрғынын алдап, жалпы көлемі 11 миллионға жуық теңгені иемденгені белгілі болды. Аталған жайттардың барлығы тіркеуге алынып, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Күдікті әйел бүгінде қамауда.