Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны 11-ге жетті
Түркістан облысында індетке шалдыққан азаматтар саны 11-ге жетуіне орай Түркістан қаласының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Барлық бақылау бекеттер жұмысы күшейтілетінін хабарлаймын. Және де, қала ішінде тұрғындардың аса қажеттіліксіз жүруіне тыйым салынды.
Бүгін қаламызға ҚР Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен әскери қызметкерлер және арнайы техника жұмылдырылды. Жергілікті қызметкерлер тарапынан және осы кісілердің қатысуымен сақтық шаралар орындалуы қатаң қадағаланып, мойынсұнбаған тұрғындар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертемін", делінген қала әкімінің үндеуінде.