Ас бөлменің қабырғасын МЫНАДАЙ БОЯУМЕН әрлеуге болады

0
3 383

Ас бөлме қабырғасына арналған бояу – өз бетіңізше жасай алатын жабындаудың оңай түрі.


Ас бөлменің қабырғасын МЫНАДАЙ БОЯУМЕН әрлеуге болады

Айдарымыздың алдыңғы санында ас бөлмесіне арналған бояу туралы, оның оң және теріс тұстары, түстерді қалай таңдау керектігі жөнінде жазған болатынбыз. Бұл жолы ас бөлмеге арналған бояудың түрлері туралы қажетті кеңесті оқи аласыздар.


Ас бөлменің қабырғасына арналған бояу түрлері

Ас бөлме қабырғасына арналған бояу – өз бетіңізше жасай алатын жабындаудың оңай түрі. Бұл жерде бояу ойдағыдай шығу үшін бояудың түрлерін, олардың құрамы туралы білу керек.


Акрилді

Тегіс, жууға болатын акрилді бояу кез-келген қабырға бетіне жарайды. Оны бетон, ағаш және сылақ жағылған қабырғаларға жағуға болады. Бояудың бұл түрін жаққан кезде қабырғаны ерекше дайындаудың қажеті жоқ. Акрилді бояу кез-келген ұсақ сызаттар мен тесіктерді, қисық жерледі тегістеп білдірпей жібереді.

Бояу созылмалы болғандықтан оны білікшенің көмегімен жағу өте оңай. Ешқандай өткір иісі жоқ, сондықтан жаққаннан кейін жарты сағат ішінде бөлмеде артық иіс қалмайды.

Ас бөлменің қабырғасына арналған акрилді бояу арнайы күтімді қажет етпейді. Бар болғаны жылы суға батырылған шүберекпен кірлеген жерді сүртіп алу жеткілікті.



Латексті

Латексті бояу құрамы сулы эмулсиялы болып келеді. Бұл бояудың түсі өте көп, сондықтан бөлмеге қажетті ойдағыдай дүниені оңай жасауға болады.

Латексті бояу жағылған қабырғаны тазарту үшін құрамында жеңіл қырғыш әсері бар темір емес затты таңдауған жөн.

Бояуды кез-келген қабырғаға жағуға болады, тез кебеді, ауа өткізеді.


Резеңке

Бір қарағанда бұл бояу қою жақпа секілді көрінеді. Бұл бояу түрі соңғы үлгілердің бірі болғандықтан оны өзге бояуларға қарағанда сирек қолданады. Бояудың сыртындағы нұсқаулығын толықтай орындап сумен араластыру керек.

Бұл бояу түрі ақ күйде сатылады. Ал қажетті түсті өзіңіз қосып араластырып шығарып ала аласыз.

Резеңке бояу – тез кебеді және әмбебап саналады. Бояуды ағаш, темір, гипсті жабын, пенобетон, алюминий беттеріне жағуға болады. Температураның бірден өзгеруіне төзімді келеді, зең болдырмайды.


Силикатты

Силикатты бояу - нағыз ас бөлмесіне арналған бояу түрі. Ол өте шыдамды және жағылуы өте қарапайым. Ауаны жақсы өткізетін болғандықтан бөлме зәктенбейді және үнемі таза, жағымды әсер сыйлайды.

Селикатты бояу жағылған бөлме өзіне кір мен майды аз тартатын болады. Сондықтан тазалық жұмыстары жеңіл жүргізіледі.

Бояудың құрамындағы компоненттер толықтай экологиялық таза, сол себепті адамға қауіп төндірмейді. Селикатты негіздегі материалды күн көзі толық түсіп тұратын жерге жағуға болады. Одан оның түсі ешқандай өзгермейді.


Жылтыр (глянц)

Бұл бояудың бетін еркін жуып алуға болады. Бояу – өте тегіс, жылтыр және қолданылуы оңай. Жылтыр бояу түрі кішігірім ас бөлмесі үшін керемет жабын. Бөлмені кең етіп көрсетеді.

Жылтыр бояу жағылған қабырғадағы кез-келген дақ, тіпті шашыраған су іздері де анық білініп тұрады. Бірақ оны ылғалды жүберекпен сүртіп, тазарту оңай.

Маңызды! Әр дақ қатты білінетін болғандықтан жылтыр бояуды ас дайындайтын плитаның тұсына жағу ұсынылмайды. Жаққан күнде оны күнделікті әр ас дайындаған сайын тазартып отыру қажет.


Текстуралы

Қабырға бояуының бұл түрі ерекше болып саналады. Текстуралы бояумен бірегей, ерекше дизайнерлік дүние шығаруға болады.

Бояудың басты ерекшелігі – тегіс емесқабырғаны, тегіс емес бетті өзінің бедерімен мүлде білдірмей жібере алады.

Ескерту! Текстуралы бояу лофт және индустриалды стилге өте жақсы сай келеді. Сондай-ақ бетонға ұқсайтын қосымша түрлері де кездеседі.


Күңгірт (матовый)

Күңгірт бояу жарқырауық әсері бар, қатты ашық түстерді ұнатпайтындар үшін жақсы. Бояу кепкен соң кедір-бұдырлы, жылтырсыз болып шығады. Мұндай бояуды кең көлемді ас бөлмеге жаққан дұрыс.

Күңгірт бояу классик немесе прованс үлгідегі ас бөлмеге сай келеді. Алайда мұндай бояу жағылған бетті тазарту біршама қиындық тудыратынын ескеру керек. Кедір-бұдырлы бояу арасына кір тез отырып, тереңірек сіңеді.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Бақшадағы арамшөпті тұзбен кетіруге болады