Балалар жөргегін тоңазытқыш ретінде пайдалануға болады

0
1 931

Қолданылған жөргектен құрылыс материалдарын жасауға болады.


Балалар жөргегін тоңазытқыш ретінде пайдалануға болады

Балалар жөргегі не үшін қолданылатыны бәріне түсінікті. Бір реттік және қайта қолданылатын жөргектер баланың астын құрғақ ұстауға арналған. Алайда адам қабілеті мен қиялы шексіз. Соның бір дәлелі жөргектерді пайдаланудың өзгеше тәсілдері.


ҚОЛДАНЫЛМАҒАН ЖӨРГЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР


1.Гүлдерді бояу

Суға бояуды салып араластырып алыңыз. Жөргек ішіндегі толықтырғышын алып үстіне бояу араласқан суды құйып, сұйық ботқа секілді болғанша араластыру керек. Осы қоспаны мөлдір шыны ыдысқа салып үстіне ақ гүлдерді қойыңыз. Мысалы бақытгүл (хризантема), раушан. Тек олар жаңа үзілген болуы керек. Осылайша гүлді өзіңіз қалаған түске бояуға болады.


2.Компресске арналған қалташа

Жөргек ішіндегі гель толықтырғышты алып, аузы жабылатын пакет қалташаларға салыңыз. Қалташаларды мұздатқышқа қойып, керек кезде компресс үшін пайдалануға болады.


3.Тоңазытқыш сөмке

Бірнеше жөргекті алып, шетіне тигізіп алмай ортасына біркелкі етіп су құйыңыз. Суға толған жөргектерді мұздатқышқа 2-3 сағатқа салып қойыңыз. Табиғатқа шығар алдында жөргектерді үлкен пакет қалтаға салып ішіне пакетке салынған азықтарды салыңыз. Бұл жерде басты ескеретін нәрсе – жөргектерден су ақпайтын болуы керек.


4.Бассейнге арналған жөргек

Егер сізде бассейнге арналған жөргек болмаса, онда кәдімгі жөргектің ішін алып тастап пайдалануға болады. Жөргектің ортасындағы гел. суға толған соң ауыр болып кетеді. Толықтырғышы алынған жөргек баланы судағы лас нәрседен сақтайды.


5.Кептіргіш

Жөргекті кептіргіш ретінде қолдана аласыз. Ол үшін су болған кітап немесе дәптер, қағаздарды жөргек ішіне салып жылу батареясының үстіне қойыңыз. Жылдам кебеді.


6.Топыраққа қоспа ретінде

Жөргек ішіндегі толықтырғышты топыраққа қоспа ретінде пайдалануға болады. Су араластырылған толықтырғышты 1:1 мөлшерде топырақпен араластырып, сол топыраққа көшетті, дәнді еге беруге болады. Мұндай топырақты зең баспайды және өсімдік тамыры шірімейді. Топырақты жоғарыға іліп қоятын гүлдер үшін қолданған дұрыс. Жоғарыға ілетін ыдыстың ішіне адымен толықтырғышы алынған жөргекті салу керек.


7.Топырақ құрамын байыту

Егер жөргек сапалы материалдан жасалған болса, оны топырақ құрамын байытуға қолданыңыз. Ол үшін жөргектің сыртын майдалап қиып, ал толықтырғышымен бірге топыраққа араластырасыз. Мұндай топырақтан мол өнім аласыз.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН жөргекті қолдану

Жыл сайын әлемде миллиондаған жөргектер пайдаланылады. Қоқыстағы жөргектердің толыоқ жойылуы үшін 250 ден 500 жылға дейін уақыт кетеді екен. Пайдаланылған жөргекті өртеу тиімсіз: сырты жанғанмен ішіндегі толықтырғаш ауаға зиянды заттар шығарады. Шет елде бұл мәселенің шешімі табылған. Яғни олар қолданылған жөргекті пайдаға асырады.


1.Саңырауқұлақ өсіру

Мексикада қолданылған жөргекті саңырауқұлақ өсіру үшін пайдаланады. Мексикадағы бақшалардан күнделікті тонналаған жөргектерді арнайы фабрикаға жібереді. Ол жерде жөргектерді ашып, ішіндегі толықтырғышын бөлек алады. Оны залалсыздандырып, ағаш жаңқасымен араластырып саңырауқұлақ жіпшумағын себеді. Саңырауқұлақ жақсы шығады.

Сондай-ақ Мексикада жөргекті үш айда субстратқа айналдыра алатын саңырауқұлақтың ерекше түрі өсіріледі. Бірақ мұндай саңырауқұлақтар жеуге жарамсыз, оны жануарларға протеинді азық дайындауға пайдаланады. Бұл шығын көлемін азайтады.


2.Электр энергиясын өндіру

Жөргекті Жапония мен Германияда электрстанцияларда қолданады. Алдымен арнайы камерада жөргектерді микробтардан өңдеп, кейін отын ретінде жағады.


3.Құрылыс материалдарын өндіру

Шотландияда сіңіргіш жеке гигиена заттарын, соның ішінде жөргектерді ұсақтап, турап, залалсыздандырады және екіге бөледі. Полимерді черепица жасауға, ал ағаш талшықтарын құрылыс материалдарын өндіруге жұмсайды.

Канада қолданылған жөргектерді пластикалық черепица жасау үшін пайдаланады.

Сондай-ақ қолданылған жөргекті ылғалды жақсы ұстап тұру үшін бақшадағы топыраққа араластырып, қолдануға болады.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.