БАЛДЫҢ сапасын АЖЫРАТА БІЛУ үшін нан батырып көріңіз

0
3 665

Көшеде, жол бойында сататын әселді алмаған дұрыс, себебі әсел зиянды токсиндерді тез қабылдайды.


БАЛДЫҢ сапасын АЖЫРАТА БІЛУ үшін нан батырып көріңіз

Қазіргі кезде салауатты өмір салтын ұстанатындар көбейген. Майлы ауыр тағамдарды жеңіл, қайнатылған, бұқтырылған асқа алмастырып, қанттың орнына БАЛ немесе тосап пайдалануға көшіп жатыр. Сондай-ақ қазір кез-келген нәрсенің табиғидан бөлек жасандылары да көбейген. Сол секілді БАЛДЫҢ да қоспасы көп түрлері жетерлік. Табиғи әселді жасандыдан ажырату үшін төмендегі бірнеше тәсілді білсеңіз болғаны.


Балдың пайдасы жайлы кез-келген адам біледі. Оның құрамы калий, калций, цинк, фосфор, йод, хлор, медь, магнийге бай. Табиғи балдың құрамындағы бұл пайдалы заттар 1 жылға дейін өз күшін әлсіретпейді. Тек ол үшін таза табиғи балды таңдау қажет.

  • Таза, табиғи бал жоғарыдан емес төменнен бастап қанттанады.
  • Шыны немесе мөлдір, түссіз ыдысқа құйылған әселді аударып көргенде таза болса екі ауа көпіршік шығу керек.Біріншісі үлкен, екіншісі кішкентай.
  • Таза әселді жасандыдан ажыратудың тағы бір жолы, оның созылуында. Салған қасықты қанша жоғары көтерсеңіз де әсел әбден жіңішкеріп, тіпті жіп секілді созылса да үзілмеуі тиіс.
  • Егер әсел қанттанып кетсе, онда оны су буына ерітіп алу керек. Еріген кезде балауыз кесектер пайда болса, демек әсел таза табиғи.
  • Таза әселдің бір тамшысын білекке тамызып көргенде ағып кетпеу керек.


Ескеру! Егер әсел бөтелкеде емес, банкада болса онда төңкергенде тек үлкен бір ғана көпіршік шығады. Егер айналасынан тағы бірнеше көпіршік пайда болса, онда әсел таза табиғи емес.

  • Азғана әселді тәрелкеге салып, үстінен салқын су құйыңыз. Су құйып болған соң жақсылап шайқыңыз. Шайқап болған соң мұқият қарап тұрыңыз. Таза әсел өзінің құрылымын жоғалтпайды. Яғни ұяшықтағы қалпындай алтыбұрышты пішінге келуі тиіс.
  • Әселді қағазға салып, қағаздың астынан кішкене өртеп көру керек. Егер өртеген кезде әсел қараймаса демек ол табиғи таза.


Йодпен тексеріп көру

Әселдің құрамында артық жасанды қоспа бар жоғын йодпен тексеріп көруге болады. Әселді азғана жылы суға ерітіп, араластырып, 1 тамшы йод тамызыңыз. Егер қоспа көк түске айналса, демек оның құрамында крахмал және ұн бар.


Қаламмен тексеру

Тамшы әселге қаламды батырып жазып көріңіз. Егер жазу көк түске енсе, онда әселдің құрамында қоспа бар.

Маңызды: Егер құтыда әселдің құрамы жазылып тұрса, онда оның құрамында су – 20 пайыздан, қант – 5 пайыздан, жалпы қышқылдық – 5 пайыздан артық емес мөлшерде болуы керек.

Сондай-ақ көшеде, жол бойында сататын әселді алмаған дұрыс, себебі әсел зиянды токсиндерді тез қабылдайды.


Нан батырып көріңіз

Әселдің құрамында жасанды қоспа бар жоғын нан батырып көріп те ажыратуға болады. Табиғи бал құрамында су болмайды, сондықтан балға нанның тілімін батырсаңыз ол былжырап, езіліп кетпеу керек.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Ауыр КӨРПЕНІ ЖУУ ҮШІН қажетті кеңес


Шыны керамикалы газ плитаны сұйықмаймен тазалауға болады


Шабдалыны КҮЗДЕ жақсылап СУҒАРСАҢЫЗ, келер жылы МОЛ ӨНІМ АЛАСЫЗ