Негізі арықтау үшін диета емес, дұрыс тамақтану маңызды.
Дұрыс тамақтану – ағзадағы алмасу процесін ретке келтіруге көмектеседі. Бұл өз кезегінде ағзаның өздігінен май мен уытты заттардан арылуына алып келеді. Дұрыс тамақтану кезінде ашығып тамақтан бас тартып немесе дәмі жоқ бір тағамды қайталап жей берудің қажеті жоқ.
Дұрыс тамақтану арқылы аптасына 0,5кг майдан арылуға болады. Алғашқы кезде ағзадан майдан өзге артық сұйықтықтар да шығатын болады. Нәтижесінде алғашқы 1-2 айда 5-6 келіге дейін салмақ тастайсыз. Кейін салмақ тастау біршама бәсеңдейді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі үш ережесі бар:
- Тамақтану рационы әртүрлі болу керек
- Міндетті түрде күндік каллорияны бақылап отыру қажет. Сондай-ақ күнделікті ақуыз бен майдың да калориясының теңгерімін қадағалаған жөн.
- Тамақтану режимін сақтау өте маңызды.
Дұрыс тамақтану кезінде азық-түліктің әр түрлі болғаны жөн. Тек сонда ғана ағза өзіне қажетті дәрумендерді ала алады. Сондай-ақ тағы бір назарға алатын нәрсе, тәуліктік калорияны сақтау. Егер оны сақтамайтын болсаңыз қанша дұрыс тамақтансаңыз да салмақ тастаудың орнына қосып кетуіңіз мүмкін.
Дұрыс тамақтануды алғаш бастағандар ішетін тамақ мөлшерін өлшеп отырмаса калорияны есептей алмайды. Ал шамамен екі аптадан кейін тамақтың калориясын көз мөлшермен-ақ өлшей беруге болады.
Күндігіне ішіп-жеген тағамның калориясы 1200-ден кем болмауы керек. Егер 1200-ден төмен болса, онда ол денсаулық үшін зиянды.
Тамақтану режимі
Күніне аздаған мөлшермен 6 мезгіл тамақтануға болады. Соңғы тамақтану ұйқыға жатардан алдын 2 сағат бұрын болғаны жөн.
Қолда үнемі газсыз таза су болуы керек. Су қарынның ашқанын басады және ағзаның өзіне түскен азықты майға айналдырып жібермеуіне көмектеседі.
Дұрыс тамақтануға арналған бургер рецепті
Қазіргі кезде фаст-фуд өнімдерін тұтынбайтын жандар кем. Егер дұрыс тамақтану кезінде бургер қаласаңыз, онда төмендегі рецепт бойынша үйде өзіңіз дайындап көріңіз.
Қажетті заттар:
Бургер нанын дайындау үшін:
- Ұн – 120г
- Тұз – шамалап
- Жүгері ұны – 80г
- Айран – 120мл
- Ірімшік – 80г
- Жұмыртқа – 1дана
- Қопсытқыш – жарты шай қасық
Барлық қоспаларды араластырып қамыр илейміз. Бұл қамырдан 3 бөлке нан шығады. Әр бөлік қамырды дөңгелектеп ортасынан тілік жасайды. Бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, күнжіт сеуіп, 180 градуста пеште 40 минутқа қойып пісіріп алу керек. Піскен соң суытып қою қажет.
Салма үшін 1бургерге – 100гр тауық еті. Тауық етін жақсылап қуырып алу қажет. Қияр мен шалғамды (редиска) ұзыншалап тураймыз. Бөлкені екіге бөліп, бір бөлігіне ірімшікті салып ыстық табаға салып бетін жауып қою қажет. Ірімшік шамалы еріген соң бетіне салат жапырағын және тұздық құю керек.
Тұздық : 2 шай қасық йогурт пен шай қасықтың ұшымен қыша және шай қасық лимон шырынын, 1 тіс сарымсащқты езіп араластырып, дайындалады.
Тұздықтың үстінен шалғам мен қиярды және тауық етін қойып бөлкенің жартысымен бетін жабамыз. Бургер дайын!
Дайындаған: Э.Базарбаева,
Тағы оқыңыз: Глютенсіз диетамен аптасына 5 келі салмақ тастауға болады