​Едендегі паркет ісініп кетсе не істеу керек?

0
3 500

Су тиген кез-келген паркет жабынын қайта қалпына келтіруге болады.


​Едендегі паркет ісініп кетсе не істеу керек?

Қазір көпшілік үйде еденді паркетпен қаптап жатады. Паркет негізінен ұзақ уақытқа шыдайды. Бірақ тұрмыс болған соң неше түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Кейде мол су төгіліп, кейде жауын өтіп немесе жоғарыдағы көршінің суы тасып төтенше жағдайлар орын алады. Мұндай тұрмыстық жағдайлардан қашып құтылу мүмкін емес. Бірден едендегі суды сүртіп құрғатып алуға болады.

Ал егер судан паркет ісініп кетсе ше? Ол мәселені де бүкіл едендегі паркетті ауыстырмай-ақ шешуге болады. Ол үшін төмендегі кеңестерді қарап шығыңыз.


Паркет ісінуі мүмкін бе?

Ең көп орын алатын жағдайлар:

  • Еденге аз мөлшерде су төгілді. Мұндай жағдайда ісінбейді, жөндеу жұмыстары қажет емес. Тек уақытында еденді құрғатып сүртіп алсаңыз болғаны.
  • Паркетке көп су төгілді. Онда ол суды сыпырғы көмегімен паркеті жоқ болмеге сыпырып немесе жылдам сүртіп алу керек. Су қаншалықты жылдам сүртілсе еденді ісінуден сақтауға соғұрлым мүмкіәндік мол.
  • Үшінші жағдай су алу. Бөлме ішін толық су басып, еден су астында бірнеше сағатқа қалып қойған жағдайда, ең бірінші кезекте су келіп жатқан жерді бекіту қажет. Кейін суды құрғата сүртіп алу керек.

Жоғарыдағы үш тәсіл де күтім жасалған, беті лакталған паркет еденге арналған. Ал егер паркет бетіне лак жағылмаған немесе қорғаныс мастикасымен өңделмеген болса, онда аз ғана судың өзіне еден біршама көтеріліп кетеді. Ал бетін толық су басып қалса, онда 100 пайыз көтеріліп, ісініп кетеді.


Кеңес! Су тиген кез-келген паркет жабынын қайта қалпына келтіруге болады. Тек ол үшін бірінші кезекте суды жылдам сүртіп алу керек. Сүртіп болған соң түрлі кептіргіштерді әсіресе ыстық пайдалануға болмайды. Бірақ паркеттің біраз жерін алуға тура келеді. Әйтпесе еден толық кеппейді.


Паркет судан ісініп кеткен жағдайда:

Паркетті қалыпына келтіру оның қаншалықты ісінгеніне байланысты. Судың кіру деңгейі 1 – 1,5мм болса, онда паркетті ашудың қажеті жоқ. Ал одан терең сіңген жағдайда паркетті ашып жекелеп көлеңке жерде кептіруге тура келеді. Жаңа кесілген су тақтайларды қалай кептірсе, паркетті де солай дестелеп арасына жел кіретіндей етіп жинап кептіру керек.


Паркеттің қай тұсы көбірек ісінгенін анықтау керек

Еденнің қай жері қатты зақымданғанын көзбен қарап ақ байқауға болады. Қатты бүлінген жер сәйкесінше қатты ісініп, көтеріліп тұрады. Өзге жағы қатты ісінбесе көтеріліп тұрған жердің ғана паркетін алып астына кірген су кепкенше ашық қалдырамыз.

Егер су тек бір жерге ғана төгілген болса, онда құрғатып сүртіп алған соң, балалар сеппесін (присыпка) пайдаланған жөн. Бір түн тұрған соң сеппені шаңсорғышпен жинап алу керек.


Паркетті кептіру

  • Жылы ауа-райында паркетті көлеңкеде кептіру 3-4 апта уақыт алады.
  • Қарапайым кептіру – егер паркет қатты ісініп кетпесе, онда ол бөлмедегі еден үстінде тұрған бар затты алып, желдеткішті орташа көлеміне қойып кептіруге болады.
  • Ал қатты су басқан бөлмедегі еден ісініп үлгермесе онда сүртіп алған соң бетіне су сорғыш қағаз тастап, желдеткішті 1,5 метр биіктіктен қосып қою керек. Желдеткішті күндіз қосып қойыңыз. Бұл 3-4 күн уақыт алады. Одан кейін бөлмені жай есік-терезені ашып кептіріңіз.

Жақсы лакталған, мастикамен өңделіп отырған паркет еден суға жақсы шыдайды, ісіне қоймайды. Еден ұзақ қызмет жасау үшін дұрыс күтім болуы тиіс.


Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.



"Ана жүрегі": Гусмания гүлін өсіру өте оңай