​Фольга кір машина ішіндегі шашты жинап алады

0
2 320

Фольга буындардағы ауырсынуды басып, Wi Fi-дың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі.


​Фольга кір машина ішіндегі шашты жинап алады

Фольга көбіне тамақ дайындау кезінде және орау үшін қолданады. Алайда осы жылтыр қағазды тек асүйде ғана емес өзге де көптеген қажеттіліктерге пайдалануға болады.


Жылу мен салқынды жақсы ұстайды

Фольга жылуды жақсы сақтайды. Дайын тамақты орап қойсаңыз, 3-4 сағат жылы күйінде тұрады. Қазіргі маусымда термокружка сыртын орап қойсаңыз, ішіндегі шай немесе кофеңіз ысық күйін ұзақ сақтайтын болады.

Фольга тек жылуды ғана емес салқынды да жақсы ұстайды. Бұл жазда ыңғайлы. Салқын суды жолға алып шығарда сыртын фольгамен орайтын болсаңыз, бірден жылып кетпей, салқын температурасын бірнеше сағатқа сақтайды.


Фольга еденді жақсы қорғайды

Фольга паркет, линолеум, ағаш еденді сырылудан, жыртылып кетудін, із түсуден жақсы қорғайды. Егер жиһаздардың аяғы линолеумда із қалдырса немесе оларды жылжытқыңыз келсе аяғына фольга орап қойыңыз. Сондай-ақ асүйдегі орындықтар еден бетін сырып кете берсе фольга пайдалануға болады.


Үтіктеу кезінде жақсы көмекші

Егер үтіктейтін тақтайшаға фольга төсеп қойсаңыз, онда қыртысы көп, оңай жазыла қоймайтын киімдерді үтіктеу жеңілдейді. Сондай-ақ киім екі бетінен де бірдей үтіктеледі.


Қайрақ

Фольга қайшыны өткірлеуге жақсы көмектеседі. Кейде үйде қайрақ болмай қалған кезде фольганы бірнеше мәрте бүктеп қайшымен кескілеп алыңыз.


Буындағы ауруды басады

Егер буындарыңыз ауырып мазаласа, онда сол жерді фольгамен орап қойыңыз. Ол ауырсынуды басады. Сыртынан тоқыма орамал немесе шарфпен ораңыз.


Арықтау үшін термоорау

Арықтау үшін салонда жасалатын мұндай тәсілді үйде де фольганың көмегімен істеуге болады. Ол үшін апельсинді майлы масканы арықтатамын деген жерге жағып, фольгамен орап қойыңыз. Бір минуттан кейін


Көкөністің сақталу уақытын ұзартады

Егер бананның түп жағын фольгамен орап қойсаңыз ол ұзақ уақыт сақталады. Тек банан ғана емес кез келген көкөністі орап тоңызытқа қойсаңыз ұзақ сақталады. Тіпті шұжық пен ірімшікті де орап қоюға болады. Тек фольгаға салып сақтауға болмайтын азықтар да бар. Олар құрамында қышқылы немесе сікесуы, лимон қышқылы қосылған азықтар. Фольга ыстық, суықтан қорықпайды. Оны бүлдіретін қышқыл. Егер азық құрамында қышқыл болса ол қорғаныш қабатын бұзып, алюминий тағамға өтіп кетеді.


Батарейканың жұмысын ұзартады

Егер батарейканың қуаты таусылып, дұрыс жұмыс істемей жатса, онда жаңасын алғанға дейін кішірек фольга қағазын алып батарейканың бас жағына қойыңыз. Ол біраз уақытқа дейін шыдайды.


Күмісті жақсы тазартады

Фольганы мыжып ыдыстың ішіне салыңыз. Үстіне күмістерді қойыңыз. Бөлек ыдыста қайнап тұрған суға ас содасын салып (1 литр суға 50гр) араластырып алыңыз. Көпіршігі басылғанша кішкене күтіп, күмістің үстіне құйыңыз.Бірнеше минуттан кейін-ақ күмістеріңіздің жарқырай бастағанын байқайсыз.


Пештің ішін қорғайды

Пештің ішін жиі сүртіп, тазартып шаршадыңыз ба? Онда фольга сізге үлкен көмекші. Ол үшін фольганы пеш ішіндегі тор бетіне төсеп қою жеткілікті.


Күн сүйетін өсімдіктер үшін

Фольга жаррықты жақсы көретін өсімдіктерге ұзақ қыстан кейін жылдам қалпына келуге көмектеседі. Ол үшін картонды қырықып, фольгамен орап, гүл ыдысының жанына қойыңыз. Гүлдеріңіз жылдам күш жинайды. Сонымен бірге фольганы тіліп-тіліп белдемше етіп гүлдің ыдысына орап қойыңыз. Бұл құмырсқа секілді жәндіктерден қорғайды.


Тотыққанды кетіру үшін

Фольга таттың ізін жақсы кетіреді. Темір қырғыштың орнына пайдалануға болады.


Майды тазарту үшін

Фольга табадағы күйген майды ешқандай сызат түсірмей жақсы кетіреді. Ол үшін ыдыс жуатын сұйықтықты ыстық сумен араластырып, май болған ыдысқа құйып фольгамен ысқылаңыз.


Wi Fi-ды жақсартуға көмектеседі

Егер интернетіңіз дұрыс жұмыс жасамай тұрса, онда фольганың кішкентай бөлігі көмекке келеді. Ол үшін қатты картон қағазды фольгамен ораңыз. Оны апарып роутердің антеннасына бекіту керек.


Кір машинадағы шашты жинап алады

Кір жуғанда машина ішіндегі шаштарды фольга жақсы жинайды. Ол үшін фольгадан бірнеше домалақ жасап кір жуған кезде бірге тастап жібересіз. Киімге ешқандай кері әсері жоқ.


Мұздатқышта мұз қатпауына көмекші

Мұздатқышқа мұздақтар пайда болғанда, тоңазытқыш электр энергиясын көбірек «жей» бастайды. Сонымен бірге қатқан мұздақтар орынды тарылта түседі. Егер фольга пайдалансаңыз, мұздақ аз қатып, мұздатқышты сирек ерітіп алатын боласыз.

Ол үшін мұздатқышты жақсылап ерітіп, тазалап, құрғатып аласыз. Ішіндегі жәшіктерін шығарып, мұздатқыш ішіне толықтай фольга төсеп шығыңыз. Кейін жәшіктерді қайта салыңыз. Сондай-ақ фольга төселген соң артық иіс те болмайды.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.