​Септик тез толып қалмау үшін жанына қараөрік өсіріңіз

0
12 320

Қазылған шұңқыр айналасына ағаш еккен жөн.


​Септик тез толып қалмау үшін жанына қараөрік өсіріңіз

Қазіргі кезде жер үйлердің көпшілігінде септик бар. Бірақ кейде шамалы уақыттан кейін-ақ септик толып, ішін сорғызып алуға тура келіп жатады. Бұл жұмыстың ақысы аз тұрмайды, сондықтан жиі тазалату қалтаға салмақ түсіреді. Біздің ұсынған кеңестер ақшаңызды үнемдеуге, артық мәселеден құтылуға көмектеседі.

Қазылған шұңқыр айналасына ағаш еккен жөн. Ол үшін ылғалды өзіне мол тартатын ағаш түрін таңдау қажет.

Қайың

Қайың ағашы ылғалды өзіне жақсы тартады. Қажетті ылғал мен минералды заттарды алған соң, қалғаны буланып кетеді. Бұл ағаштың тамыры күніне шамамен 200 литр суды сіңіре алады. Қайың ағашы үлкен және көлеңкесі мол болатындықтан айналасындағы жарық сүйетін өсімдіктерді өсірмей қоюы мүмкін. Бірақ оның да амалын табуға болады.

  • Қайың ағашын ылғалды жақсы тарту үшін міндетті түрде септиктің жанына отырғызу шарт емес. Ағаштың тамырлары жайылып өсетін болғандықтан, радиусы 10 метр жерге дейінгі аумақтағы ылғалды тартып ала алады. Егер қазылған шұңқыр қоршауға жақын орналасса, онда қайыңды қоршаудың сыртына егуге болады.
  • Қайың ағашының жайылып өсетін сұрпын алуға болады.
  • Егер қайың ағашының айналасына қандай да бір өсімдік еккіңіз келсе, онда көлеңкеде өсе беретін, ылғалды көп қажет етпейтінін таңдаңыз.


Емен

Емен ағашының топырақтан ылғалды тартып алуы оның жасына тікелей байланысты болады. Жас емен ағашы тәулігіне 200 литр суды сіңіріп, буға айналдырып үлгерсе, үлкендері 2-3 есе көп көлемде ылғал тартады.

Емен ағашы өте жай өседі. Сондықтан 1 метірлік көшетті өсіргенде көлеңкесі өзге өсімдіктерге зиянын тигізеді деп қорықпаған дұрыс. 30-40 жылда емен биік алма ағашымен әзер теңеседі.


Мойыл (черемуха)

Мойыл ағашы күні бойы 150-200 литрге дейін ылғалды сіңіріп алады. Ағаш көлеңкеде де, ашық жерде де жақсы өсе береді. Мойыл ағашы септиктегі судың толып кетпеуіне әсер етумен қатар, одан шығатын жағымсыз иіске де бөгет бола алады. Әрине иісті толық жойып жібермейді, дегенмен қатты өткір болып шықпайды.


Шырша

Ылғалды жақсы сіңіретін ағаштардың бірі – қылқанжапырақтылар. Шырша ылғалды жақсы сіңірумен қатар, тұрған жеріне сән береді. Тек көлеңкесі тым қою болатындықтан бақша өсімдіктерінің қасына жолатпаған дұрыс. Жас шырша тамыры 2-3 метр радиустағы ылғалды жақсы тартады. Сондықтан оны қазылған шұңқырға жақын еккен дұрыс.


Шаған (ясень)

Шаған ағашы тәулік ішінде ылғалды 400 литрге дейін сіңіреді. Оның көп бөлігін буландырып, жапырақтары арқылы атмосфераға шығарады. Өте жылдам өседі. 1,5 метрден 35 метрге дейін өседі. Жапырақтары селдір болғандықтан күн сәулесін жақсы өткізеді. Сондықтан бақша өсімдіктерін астына еге беруге болады.


Қараөрік

Қараөрік ағашы да ылғалды жақсы тартады. Тәулігіне 100-150 литр ылғал сіңіріп, буландырады.


Алша

Ылғалды жақсы тартатын жеміс ағаштарының бірі – алша. Ол тәулігіне 100-130 литрге дейін ылғал сіңіреді.


Әжетхана айналасына егуге болатын ағаштар

Тәжірибелі бағбаншылар әжетхана айналасында жеміс ағашынан жаңғақ өте жақсы өседі. Шамамен бір жылда 1 метрге дейін. Одан өзге шырғанақ (облепиха), балқарағай ағаштары да жақсы өседі.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.