Сұйық майдың сапасын білгіңіз келе ме? 5 тәсілмен үйде анықтаңыз

0
4 129

Сұйық майды йодтың көмегімен де тексеріп көруге болады.


Сұйық майдың сапасын білгіңіз келе ме? 5 тәсілмен үйде анықтаңыз

Төмендегі тәсілдерді майды базардан алған кезде немесе дүкеннен алған майдың сапасына күмән келтіргенде пайдалануға болады. Әрине бұл тәсілдер лабороториялық зерттеулер секілді емес. Дегенмен сапаны анықтауға жақсы көмектеседі.


Тұзбен

Сұйық майды бөтелкеде тұрған жерінен жақсылап шайқап алыңыз. Шайқалған майды стақанға түбінен 4/1 бөлік етіп құйып алыңыз. Азғана тұз салып жақсылап шайқау керек. Егер тұз шамалы болса да еритін болса, онда май сапалы емес. Оның құрамында аздап су бар.


Йодпен

Сұйық майды йодтың көмегімен де тексеріп көруге болады. Ол үшін ыдысқа аздап сұйық майдан құйып алып, йодтан 1 тамшы тамызу керек. Егер май табиғи таза болса, онда тамызылған йод біраз уақыт өзінің қалпын сақтап тұрады. Йод тамшысы бірден төменге түссе немесе ыдырап кетсе онда майдың құрамында зиянды қоспалар және артық ылғал бар. Кейде йод тамшысының бір бөлігі май түбіне кетіп, қалған бөлігі бетінде қалады. Бұл да майдың сапасының төмендігін көрсетеді.


Қағаз майлық

Аздаған майды стақанға құйып, бетіне қағаз майлықты қабаттап қойып төңкеріп көру керек.Егер қағазға түскен май ізі біркелкі болса, онда майдағы ылғал мөлшері қалыпты жағдайда. Ал май қағаз майлыққа жайылып кетсе, демек сапасы нашар.


Тамшылату

Бұл тәсіл бұрыннан белгілі және ғылыми дәлелденген. Әсіресе тазартылмаған майдың сапасын анықтауда жақсы көмектеседі. Майдың тамшысын қолдың сыртқы жағына тамызып көру керек. Егер май бірден жайылып кетсе, онда сапасы жақсы, ал қою болып жайылмай тұрып алса, онда ол май бүлінген.


Аударып көру

Бұл тәсіл майды дүкеннен алып жатқан кезде қолданылады. Май құйылған ыдысты төңкеріп, шамалы шайқап көру керек. Шайқап көрген кезде май бүлкілдеп тұрса онда оны қорықпай сатып ала берген жөн. Ал егер бүлкілдемей қою болып тұрса, онда оның сапасы күмәнді.



Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ