​Сұйық және қатты сабын - қайсысы дұрыс?

0
5 647

Терісі сезімтал жандар сұйық сабын қолданғаны дұрыс.


​Сұйық және қатты сабын - қайсысы дұрыс?

Сабын – үй-тұрмыста пайдаланатын негізгі заттардың бірі. Қазіргі кезде сабынның сұйық түрі танымал. Ал қатты сабын ерте заманнан қолданылып келеді. Тұрмыстық химия қазіргі кезде өте жақсы даму үстінде. Оны тек қана жеке гигиена үшін ғана емес, әсемдік үшін де пайдаланады.


Кесек сабын

Оны өсімдік майы, жануарлар майы және натрий сілтісінен жасайды. Табиғи материал ретінде көбіне кокос, пальма майы қолданылады.

Натрий сілтісі майды қатайтады. Хош иістендіргіш көмегімен және пайдалы қоспалар арқылы затта хош иіс пен өзіне тән қасиет пайда болады.

Қатты кесек сабын жуынатын бөлменің сәні болуы мүмкін. Қазіргі кезде өндірушілер өнімге түрлі жазбалар жазып, түрлі қалыпқа (негізінен жеміс -жидек) келтіруде.

Құрғақ күйінде қатты сабынды пайдалана алмаймыз. Міндетті түрде жібітіп, көпіртіп алу қажет.


Негізінен сабынның түрлері өте көп. Кір сабын – кірді қолмен жуғанда, үй жинауда қолданылады, гигиена үшін жарамайды. Ал балалар сабынын жасауда аллергия тудырмайтын тек таза табиғи материалдар қолданылады.



Сұйық сабын

Сұйық сабын да жануарлар мен өсімдік майынан жасалады. Ол қатты сабыннан өзінің қымбат бағасымен ерекшеленеді. Себебі оған қымбат, кокос немесе зәйтүн майы қолданылады. Сұйық сабынның негізгі құрамы төмендегі материалдардан тұрады:

  • Жануралар майы
  • Ерігіш тұздар
  • ПВА
  • Май қышқылдары
  • Өсімдік майы

Сұйық сабынға сондай-ақ хош иістендіргіш және бояғыштар қосылады. Сұйық сабында ең маңыздысы оның қою болуы. Қою болған сайын үнемді бола түседі.


Ортақ ерекшелік

Қатты және сұйық сабын да үй-тұрмыс және шаруашылық үшін пайдаланылады. Олардың басты міндеті – тазарту. Тағайындалуы бойынша екі өнім де бірдей болуы мүмкін. Тек маңыздысы сабынды кім қолданатынына қарай таңдау.


Сақталуы

Ашылған өнім қою, қаттылығына қарамай 12 айдан артық сақталмауы керек. Ал қаптамада тұрған күйінде екі өнімде айырмашылық бар. Қатты сабын жабық күйде 3 жыл сақталатын болса, сұйық сабынды 5 жыл сақтауға болады.


Ыңғайлылығы

Сұйық сабын мөлшерлегіші бар арнайы құтыда тұрады. Мөлшерлегіш – қолдануға ыңғайлы және үнемді. Сондықтан көпшілік қоғамдық орталарда көп қолданылады. Сұйық сабынды жолға шыққанда алып шығудың қажеті жоқ, төгілуі мүмкін. Ол тегіс жерде тұрғаны жөн.

Ал қатты сабын үшін сабын салатын арнайы ыдыс керек. Қатты сабын ылғалда, суда көп тұрып қалмауы тиіс. Жібіп кетсе ештеңеге жарамай қалады.


Сілтілік көрсеткіші

Сұйық сабында сілті аз болады. Бұл айырмашылық сезімтал теріде қатты білінеді. Терінің құрғақтығы мен тітіркенуінен құтылу үшін қатты сабынды сұйығына ауыстыру керек.


Эклолгиялық тиімділігі

Қоршаған орта үшін сұйық сабын көбірек зиянды. Себебі оның құрамында консерванттар және синтетикалық заттар көп. Мұндай құрам бактериядан құтылу үшін қажет.

Табиғи кесек сабын аллергия тудырмайды және экологиялық қауіпсіз саналады.


Қайсы сабын дұрыс?

Жоғарыда атап өткендей таңдау әркімнің өз еркінде. Тек терісі сезімтал жандар сұйық сабын қолданғаны дұрыс. Ал тазалық үшін екі сабын да жарай береді.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.




Салмақ тастағысы келгендер үйде гүлшетен өсіргені дұрыс